Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу



Pdf көрінісі
бет17/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   215
Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу.
Түрлі  жағдайларда  жəне  қызмет  бабында,  өзге  адамдармен 
қарым-қатынас  барысында  жеке  адамның  сан-салалы  психикалық 
ерекшеліктері, бет бейнесі ашылады. Анализдік зерттеу психиканың 
элементтерін жеке адамның өмірі жəне қызметінің түрлі жағдайын 
тануға  мүмкіндік  береді,  ал  синтездік  зерттеу  барлық  психикалық 
көріністердің өзара байланысын анықтауға жəне адамды толық си-
паттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принциптік ұстаным қажеттілігі жеке адам-
ды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік 
процестердің  жеке  жақтарын,  қасиеттерін  зерттеу  жəне  адамның 
тұтас психикалық бейнесіндегі өзара байланысын, шарттылықтарын 
зерттеуді қажет етеді. Бұл екі бағыттың бірлікте болуы, бір жағынан 
жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсіну жəне дұрыс бағалау 
болса, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін бір-бірімен 
салыстырмалы талдау, олардың өзара тəуелділігі мен бірлігін ұғыну.
Сонымен 
психологиялық 
зерттеулерді 
құрудың 
негізгі 
принциптері:  объективті  принцип,  психикалық  құбылыстарды 
олардың  даму  барысында  зерттеу  жəне  жеке  адамды  анализдік-
синтездік  зерттеу.  Жеке  адамды  зерттеу  процесі  негізінде  оның 
типтік ерекшеліктерін, жəне жеке қасиеттерін, олардың өзара байла-
нысын анықтауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет