Проективті əдістер жіктелімі. 1. Қосымша əдістемелер. Зерттелінушілер естілген сөзге
байланыстырып ойын айту керек (К. Г. Юнтің ассоциативтік
тесті). Аяқталмаған сөйлемді аяқтау немесе əңгімені жалғастыру
(Аяқталмаған сөйлемдер). Сұрақтарға жауап беру (Мен кіммін?).
2. Талдау əдістемелері. Стимулды материалдық суреттер,
суреттегі көріністер жиынтығы. Зерттелінушіге ұсынылған сурет-
тер бойынша əңгіме құру (ТАТ, САТ), суреттегі көріністер бойынша
сұрақтарға жауап беру (Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиле
тесті) керекті артық суреттерді таңдап алу (Сонди тесті).