Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар - баланың
психикалық дамуындағы сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, на-
шар есту, соқырлық, нашар көрушілік), орталық жүйке жүйесі
жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың тежелуі,
қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан
болған нормадан ауытқушылық.
Психологиялық түзету - тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен
көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-
əрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Психоанализ – адамның мінез-құлқының қозғаушы күші мен
шешуші факторы жыныстық елігу (либидо) болып табылады,
нəсіпқұмарлық тіршіліктің арқауы деп түсіндіретін психологиялық
бағыттың атауы.
Релаксация – қатты қобалжудан немесе күшке түскен əрекеттен
кейін адамның босаңсып, тынышталған күйі.