Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


 Тест құру технологиясы мен бейімдеу



Pdf көрінісі
бет41/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   215
3.4 Тест құру технологиясы мен бейімдеу
 Тестерді құру психологиялық зерттеу əдістемелердің теориялық 
негізіне сүйене отырып жасалады. Психодиагностикалық тексерудің 
барлық аспектілерінде дайын тестер қолданылмайды деп те айта ал-
маймыз.  Осындай  тəуелсіз  көрсеткіштер  жинағын  психолог  прак-
тиктер, əдетте, бірнеше типтік ситуациямен тоғыстырады. Олай бол-
са,  психодиагностикалық  əдістемелер  мен  тестерді  бейімдеу  жəне 
құру өзара байланысты төмендегідей сатылардан тұрады:
1. Қолдану ситуациясы. Құрылған тест немесе əдістеменің (жас 
ерекшеліктік, жыныстық құрылымдар, кəсіби–мəдени белгілер стан-
дартты əдістемелерді қолдануға сай емес, тиімсіз болып танылуы) 
шартты нормаларының болуы.
2.  Бейімдеу  ситуациясы.  Құрылған  əдістеме  мен  тесттердің 
сенімділік пен валитділік көрсеткіштері тексерілген, бірақ нормалық 
талаптары жоқ, олай болса бейімдеудің басты мақсаты əдістемелік, 
тестік нормаларды құру болып табылады. 


96
3.  Құрастыру  ситуациясы.  Психикалық  қасиеттерді  тексе-
ру  тұжырымдамасы  болғанымен,  сапалық  талдау  мүмкіндіктері 
жəне  басқа  да  талаптарды  қанағаттандыратын  өлшем  процеду-
расы болмауы. Өлшем процедурасын құру, оның сенімділігі мен 
валидтілігін тексеру жəне тесттік нормаларын құру қажеттілігінен 
пайда болады. 
Аударылған  психодиагностикалық  əдістемелер  мен  тесттерді 
бейімдеу  жəне  оларды  көбейтудің  бірден-бір  жолы  шетелдік  дай-
ын  əдістемелерді  пайдалану.  Психологтар  үшін  бұл  сенімділік, 
валидтілік,  репрезентативтілік  көрсеткіштері  дəлелденген  психо-
диагностикалық  зерттеулерді  ұйымдастырудың  қысқа,  əрі  тиімді 
жолы  болып  табылады.  Бейімдеу  барысында  əдістеме  жəне  тест 
ұпайларын  валидтілік  пен  сенімділік  нормаларына  сəйкес  құру, 
қолданылатын  ортаға  бейімдеу,  бұл  процедураның  теориялық 
тұжырымдамасы жəне қолдану шарты болып табылады.
Психодиагностикалық  əдістемелер  мен  тесттерді  аудару  жəне 
бейімдеу  барысында  эмпирикалық-статистикалық  талаптар  да 
қойылады. Ол талаптарды төмендегідей жіктеуге болады:
1.  Психодиагностикалық  əдістемелер,  тестер  жəне  сауална-
малар дың ішкі валидтілік сапаларын талдау. Бұл процесс шетелдік 
əдістемелерді  құру  жəне  бейімдеудің  эмпирикалық  деңгейі  деп 
есептеледі.  Барлық  тесттік  шкалалар  үшін  бұндай  талдаудың  бо-
луы  міндетті,  бұл  талдау,  мысалы,  ЕPI  Айзенктің  жəне 16PF Кэт-
тел  сауалнамаларына  қатысты.  Ал  «Бақылау  локусы»  сауалнама-
сы мен көптеген клиникалық шкалаларға (MMPI) аударма талабын 
қолдану міндетті емес. Себебі бұл əдістемелердің шкалалары іштей 
топтастырылмаған. Көп өлшемді тесттер үшін арнайы компютерлік 
бағдарламаны да қолдануға болады. 
2.  Психодиагностикалық  əдістемелер  мен  тестерді  қайта  тек-
серу.  Бұл  тексеру  белгілі  уақыт  өткен  соң  қайта  диагностикалау 
үшін  қажет.  Қайта  тексеруде  тест  сенімділігін  талдау  оның  кейбір 
зерттеулерімен  қатар  жүреді.  Егер  психолог  мəліметтерінде  қайта 
тестілеудің  сенімділік  көрсеткіштері  болмаса,  оның  қарапайым 
статистикалық  болжам  жасау,  əдістемелер  мен  тестерді  пайдалану 
құқығы болмайды.
3.  Ішкі өлшемдерді талдау корреляциясы. Психодиагностикалық 
əдістемелер  мен  тестер  корреляциялық  талдау  нəтижелерін  есеп-
ке  ала  отырып  құрылған  жағдайда,  яғни  валидтілік  талаптарын 
қанағаттандырған жағдайда, бейімдеудің бұл сатысы өте қажет болып 


97
 
табылады. Мұндай зерттеуді MMPI-дің қысқа жаңашаландырылған 
нұсқасын құру үшін Ф. Б. Беризин ұжымы ұйымдастырды. 
4.  Тесттік  нормаларды  тексеру  немесе  қайта  стандартизаци-
ялау.  Бұл  процесс  психодиагностикалық  əдістемелер  мен  тестерді 
бейімдеу барысында өте қажетті, себебі осы сатыда нақты тексеру 
нəтижелері мені статистикалық қорытындыларға қол жеткізуге бо-
лады. 
5.  Көпөлшемдік  тест  үшін  шкалалар  арасындағы  байланысты 
көрсететін  құрылымдық  тексеру.  Мысалы,  Айзенк  тестін  бейімдеу 
үшін  факторлардың  тəуелсіздігін  шкалалық-статистикалық  байла-
ныс негізінде тексеру өте маңызды.
Жоғарыда  талданған  психодиагностикалық  əдістемелер  мен 
тестерді  бейімдеу  сатылары  оларды  құрудағы  эмпирикалық-
статистикалық  жалпы  талаптарды  білдіреді.  Психолог  мамандар 
бейімдеу процесі барысында зерттелушілердің жас жəне жыныстық, 
кəсіби-мəдени  ерекшеліктеріне  баса  назар  аудару  қажет.  Ол  үшін 
қажетті  негізгі  нəрсе  əдістемелердің  валидтілік,  сенімділік  сапа-
ларын  жан-жақты  тексеру  жəне  сол  сапаларды  тексерудің  тиімді 
жолдарын  таңдау  қажет.  Валидтілік  пен  сенімділікті  тексерудің 
өлшемі  статистикалық  маңызы  бар  тестерді  аралық  көрсеткіштер 
жəне валидтілік өлшемдерімен сəйкестікте зерттеу. Егер валидтілік 
нəтижесі  қанағаттандырылмаса  (корреляция  коэфициенті 0,5-тен 
төмен  болса),  жиналған  нəтиже  бойынша  тест  немесе  əдістемелер 
бөлімдеріне талдау жасау қажет немесе олардың кейбір бөлімдерін 
қайта қарау керек. Сауалнамалар түсінікті, маңызды, мағыналы болуы 
керек. Егер сауалнамалар мағынасыз жəне зерттеуге қатысушыларда 
біркелкі  жауап  болған  жағдайда  оның  мағынасы  ашылмаған  бо-
лып  саналады.  Сонымен,  психодиагностикалық  əдістемелер  мен 
тестерді  құру,  қолдану  нақты  құжаттармен,  зерттеу  талаптарымен 
мазмұндас ұйымдастырылса, онда бұл салада көптеген нəтижелерге 
қол жеткізуге болатыны сөзсіз.
«Тест» - ағылшын  тілінен  аударғанда  «тексеру», «сынау», «сы-
налу»  деген  мағыналарды  білдіреді.  Балаларды  тестілеу  даралық 
айырмашылықтар көрсеткіштерінің өлшемі ретінде түсіндіріледі.
Отандық жəне шетел əдебиеттерде психологиялық тест ұғымының 
сипаттамасы əртүрлі болып берілген. Психологиялық тест – мінез-
құлықты  іріктеудегі  объективті  жəне  стандартты  өлшемдер  болып 
табылады.  Тест  –стандартты,  уақыты  шектеулі,  психологиялық 
даралық  ерекшеліктерді  сапалық  жəне  сандық  көрсеткіштерін 


98
анықтауға жəне жеке адамның психологиялық қасиеттерін бағалауға 
бағытталған  ерекше  құрал.  Ол  тапсырмалар  немесе  сұрақтар 
жиынтығынан  тұрады  жəне  жиі  кездесетін  мінез-құлық  түрлерін 
анықтауға арналған. Барлық анықтамалар ортақ кезеңдерден тұрады. 
1) Тест психодиагностикадағы жобалау, стандартты өзіндік есеп 
беру, сұхбат сияқты өлшемдік əдістерімен қатар жүреді.
2)  Тест  жеке  адам  қасиеттерімен  интеллект  ерекшеліктерін 
өлшейтін əдіс.
3) Тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік көрсеткіштері 
жағынан жоғары деңгейде.
Əрбір  тест  объективтілік,  сенімділік  жəне  валидтілік  талап-
тарын  қанағаттандыруы  керек.  Психологиялық  тест  нəтижесі 
объективтік өлшем мен оның алғашқы көрсеткіштерінің бағалануы 
зерттелінушінің  субъективті  пікіріне  тəуелсіз  болып  табылады. 
Тапсырмалардың  өткізілу  процедурасы  мен  нəтижелердің  өңделуі 
белгілі ережелерге сүйенеді. Психологиялық тесттердің жүргізілуіне 
қойылатын талаптар:
1) Нəтижелері нормаға сəйкес болуы тиіс жəне тесттерді салыс-
тырмалы түрде жүйелі өткізу.
2) Тесттер қорытындысының бағалануы жүйелі болуы тиіс.
3)  Тест  нəтижелерін  өңдеу  жəне  көрсеткіштеріне  сəйкес 
нормаларының орындалуын анықтау.
Психологиялық  тесттердің  стандартизациялау  үш  кезеңнен 
тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет