Жетістіктер тесті. Қабілеттілік тесті қандайда бір іс-əрекеттің
орындалу барысын болжау үшін қолданылса, жетістіктер тесті
индивидтің нақ осы шақтағы жетістігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жетістіктер тестінің екі тобы бар: кең қамтылған жетістіктер мен
нақты оқу материалымен байланысты жетістіктер тесті.
Кең қамтылған жетістіктер тесті оқудың негізгі мақсаттары
бойынша дағдыларды бағалауға бағытталған (мысалы, ғылыми
принциптерді түсінуге бағытталған тесттер).
Нақты пəндер бойынша жетістікке жету тесті (математика мен
оқудағы жетістіктер) оқу бағдарламасы элементтерін иемденуді бағалауға
бағытталған. Мұндай тесттер бірнеше функцияларды атқарады.
– білімді тексеру тəсілі ретінде жүреді;
– оқудың жетіспеушіліктерін анықтайды;
–оқудың кейінгі бағытын анықтайды;
– оқушының мотивациясын қамтамасыз етеді;
– оқуды индивид қажеттіліктеріне бейімдеуге көмектеседі;
– оқушының жинақталған білімі бойынша мағлұмат береді.