Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Бөлек субтесттермен жұмыс жасау уақыты (мин)



Pdf көрінісі
бет55/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215
Бөлек субтесттермен жұмыс жасау уақыты (мин)
Субтест 1
Субтест 2
Субтест 3
Субтест 4
1-бөлім
4
4
3
3
2-бөлім
3
3
3
3
Нəтижелерді  өңдеу:  Тесттің  негізінде  бағалау  зерттеушінің 
интеллектуалды  дамуының  интегралды  көрсеткішін  білдіретін 
ІQ  интеллектінің  коэффициенті  мен  берілген  тесті  толықтырма 
пайыздық  шкаласы  болып  есептелінеді,  яғни  ол  таңдау 
стандартизациясындағы индивидтердің проценттік бөлігін білдіреді. 
Процентілік нəтижесі ІQ көрсеткішінен төмен болады. Тесттік 1-ші 
жəне 2-ші бөлім нəтижесінің динамикасы зерттелушінің оқу бөлімі 
туралы көрініс береді. Тест нəтижесіне маман - психолог қорытынды 


121
 
жасау  керек.  Психолог  оқыту  мен  даму  психологиясы  саласында 
жалпы біліктілік сипатын білу керек. «Еркін интеллект» мəселесінің 
теориялық  аспектісін  түсінбей,  нақты,  ауқымды  нəтиже  шығару 
мүмкін  емес.  Тестілеуді  ұйымдастыру  алдында  зерттелінушілерге 
жауаптар парағы мен тест дəптері беріледі. Нұсқау оқылып, мысал-
дар арқылы жұмыс барысы түсіндіріледі (Қосымша 1).
Жалпы  тапсырмаларды  орындауға 60 минут  беріледі. 
Зерттелінушілер жұмысты аяқтап болған соң, жауаптар парағы жи-
нап алынады. Оқушылардың нəтижелері арнайы «кілтпен» өңделіп, 
субтесттің бірінші жəне екінші бөлімдері бойынша жалпы жиынтық 
саны  есептелінеді.  Ол  сан  «шикі»  ұпайлар  шкаласы  аударылып, 
пайыздық шкаласы шығарылады (Қосымша 2).
Р.  Кэттелл  əдістемесі  бойынша  тəжірибиелік-психологиялық 
зерттеуден  алынған  нəтижелерді  статистикалық  өңдеу  үшін,  көп 
жағдайда вариациялық-статистика қолданылады.
Сонымен бірге, соңғы уақытта кеңінен қолданылатын жəне ең та-
нымал интеллектуалды тесттердің бірі - Рудольф Амтхауердің «ин-
теллект  құрылымы»  тесті.  Ол 1953 жылы  құрылған  (соңғы  редак-
циясы 1973 ж. жарыққа шықты). Тест 13 тен 61 жас аралығындағы 
адамдардың  интеллектуалды  даму  деңгейін  анықтауға  арналған. 
Тест  жақсы  əдіснамалық  көрсеткіштермен  ерекшеленеді:  тестілік 
коэффициент  сенімділігі  (интервал 1 жыл);  паралельді  формалар 
сенімділігінің  коэффициенті – 0,95, тест  бөлімдерінің  сенімділігі 
коэффициенті («расщепление» əдісі бойынша) – 0,97; үлгерім бай-
ланысы  бойынша  анықталатын  валидтілік – 0,46, интеллектуалды 
даму деңгейін эксперттік бағалау валидтілігі – 0,62. Тесттің стандар-
тизициясы 4076 зерттелінушінің ішінен таңдау бойынша жүргізілді. 
«Шикі» балдар бойынша көрсеткіш 82-ге тең. Жаңа стандартизици-
ядан кейін орташа 100-ге, ал сигма 10-ға теңестірілді.
Тест,  біріншіден,  жалпы  қабілеттіліктер  деңгейін  кəсіби  психо-
диагностика мəселесімен байланысты диагностикалау тесті ретінде 
өңделді. Тесті құру кезінде Р. Амтхауер біртұтас екі құрылымында 
арнайы құрылым болып табылатын ерік жəне эмоционалды сфера, 
қызығушылықтар жəне қажеттіліктерге негізделген тұжырымдамаға 
жүгінді.
Р.  Амтхауер  интеллектті  кейбір  психикалық  қабілеттіліктер 
бірлігі  деп  түсіндіреді.  Ол  тестке  интеллекттің  вербалды,  есептік 
–  математикалық,  мимикалық  компоненттерін  диагностикалауға 
арналған тапсырмаларды енгізді.


122
Тест 9 бөлімнен тұрады. Олардың əрқайсысы интеллекттің түрлі 
қызметтерін анықтауға бағытталған.
1. «Логикалық  іріктеу» – жеке  адамды  ойлау,  тіл  сезгіштігін 
зерттеуге арналған. Зерттеушінің міндеті – келтірілген сөздердің 
бірімен сөйлемді аяқтау. Тапсырмалар саны – 20. Орындау уақыты 
– 6 мин.
2. «Жалпы белгілерді анықтау» – вербальды түсініктерді абстрак-
циялау қабілеттілігін зерттеу. Тапсырмалар саны 5 сөзден беріледі, 
ал олардың 4-де белгілі мағыналық байланыс бар да, ал 1-еуі артық. 
Орындау уақыты – 6 мин.
3. «Аналогтар» – комбинаторлы  қабілеттіліктерді  талдау.  Тап-
сырмалар саны 3 сөзден тұрады. Бірінші жəне екінші сөз арасында 
белгілі байланыс бар, ал үшінші сөзден кейін - көп нүкте қойылған. 
Берілген 5 сөздің ішінен 1-ші 2 сөз сияқты 3-ші сөзден де байланы-
сынан сын табу керек. Тапсырмалар саны – 20. Орындау уақыты – 7 
мин. 
4. «Классификация» – ой-пікірін  шығара  алу  қабілеттілігі. 
Зерттелуші 2 сөзді  жалпы  түсінікпен  белгілеу  керек.  Тапсырмалар 
саны- 16, орындау уақыты – 8 мин. Бағалау 0 ден 2 балға дейін жал-
пылау деңгейіне тəуелді жасалады.
5. «Есептеу» - практикалық-математикалық  ойлаудың  даму 
деңгейін бағалауға арналған. Субтест 20 арифметикалық тапсырма-
дан тұрады. Орындау уақыты – 10 мин.
6. «Сандар  қатары» – индуктивті  ойлауды  талдау,  анықтауға 
арналған. 20 тапсырмадан  сандық  қатар  заңдылығын  тауып,  оны 
жалғастыру қажет. Орындау уақыты – 10 мин.
7. «Фигураларды  таңдау» - кеңістіктік  қиял,  комбинаторлы 
қабілеттілікті  зерттеуге  арналған.  Тапсырмаларда  бірнеше  бөлікке 
бөлінген  геометриялық  фигуралар  келтірілді.  Жауапты  таңдауда 
бірнеше  бөлікке  бөлінген  фигураға  сəйкес  келетін  фигураны  табу. 
Тапсырмалар саны – 20. Орындау уақыты – 7 мин.
8. «Кубиктер» – кеңістіктік ойлауды зерттеуге арналған. Тапсыр-
маларды  орындауда  кубты  белгіленген  идентификациялау  қажет. 
Орындалу уақыт – 7 мин.
9. «Сөздерді  еске  сақтау» – зейін  аудару  мен  оны  есте  сақтау 
қабілетіне арналған тапсырмалар болып табылады. Заттардың түрлі 
топтарына  жататын  сөздер  қатарын  тауып,  ал  кейін  оперативті  ес 
қасиетін пайдаланатын тапсырмаларды орындау қажет. Есте сақтау 
уақыты - 3 мин. Орындау уақыты – 6 мин.


123
 
Барлық тапсырманы орындаудың таза уақыты – 80 мин. Əр дұрыс 
орындалған тапсырмалар үшін 1 балл қойылады. Субтест бойынша 
балдар суммасы – біріншілік субтесттік бағалау. 
Əр субтест бойынша біріншілік бағалау шкалдық бағаға ауысты-
рылады. Осылай, интеллект құрылымын бөлек топ тапсырмаларын 
танысты шешу профилі бойынша сипаттауға болады. Біріншілік 
балдар  жинағы  интеллект  деңгейінің  жалпы  бағасына  ауысты-
рылады. Тест ұйымдастыру алдында респонденттер нұсқауымен 
таныстырылады.  Олардың  жұмыс  барысына  түсінгеніне  көзіміз 
жеткен  соң,  арнайы  жауап  парағы  мен  тест  дəптері  беріледі. 
Олар  жұмыс  аяқталысымен  жинап  алынады.  Əр  дұрыс  жауапқа 
1  балл  қойылды.  Рециденттердің  нəтижелері  арнайы  кілтпен 
өңделеді  жəне  тесттің  эксперименталды-психологиялық  зерттеу 
жұмысынан алынған нəтижелері статистикалық өңдеуге салына-
ды. Тест 9 тараудан тұратындықтан, 9 баған бойынша ұпайлардың 
жалпы саны шығарылады. Одан кейін зерттелінушілер бойынша 
мына формуламен арифметикалық орташасы алынады.
Мұндағы,  x – барлық балдардың жалпы саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет