«Ондай болуы мүмкін емес» Қазақ халқының салт-дəстүрінде өтірікшілер сайысы кең
тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін
бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен
пайдалануға болады. Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай
болуы мүмкін емес өтірік нəрсені айтады: ақиқатта болмайтын
заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат
құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің əрекеттері, табиғатта
кездеспейтін жануарлар жəне олардың хикаялары туралы
оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын
226 келтіріп айтып берген кезде ешкім «ондай болуы мүмкін емес»
деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.