Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет136/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   215
Нəтижелерін  қорытындылау:  Жалпы  балл  саны  мыналар 
сияқты есептеледі: «иə» жауабы төмендегі сұрақтар бойынша №2,5, 
6,7,8,10,11,13,14,16,20,21,22,23,24,25,,26,27,28,30,31,33,34,35,36,37,
39,40,41,42,43,44,45,46, 47,48,50
«жоқ» жауабы мына сұрақтарға орай №1,3,9,15,17,18,19,29,32,38,49


229
 
Джаннет Тейлор анықтамасына орай 34-тен астам балл адамның 
мазасыздану  деңгейінің  биік  екенін,  ал 24-тен 34-ке  дейінгі  балл 
орта  нормаға  тəн,  одан  аз 14-тен  төменгі  балл  адамның  адекватты 
емес паталогиялық бейтараптылығын көрсетеді.
Алынған  нəтижелер  негізінде  мазасыздану  деңгейіне  қоры-
тынды  жасалып,  сынаққа  түскен  адамның  қасиеті  ретінде 
қаралады.  Жеке  адамның  мазасыздануымен  белгілі  бір  си-
туацияға  тəн  əбігерліктін  арақатынасындағы  теория  мəселелері 
талқыланады.  Сондай-ақ,  жоғарғы  деңгейдегі  мазасызданудың 
жұмыс  кезінде  оқуға  тигізе  алатын  ықпалын  азайту  жолдары 
қарастырылады. 
Əдістеме №2
Мақсаты: Адамның иланымпаздық деңгейін анықтау.
Əдісі: Тест - сұрақтар жиынтығы.
Зерттеушінің аты-жөні: 
Жасы:
Зерттеу мерзімі:
Тапсырма реті: /1,2,3/
Əр сұраққа жазбаша жауап.
Нұсқау:  Берілген  сұрақтарға  мұқият  ойланып,  тез  жəне  жазба 
түрде жауап қайыруға тырысыңыздар.
1 - тапсырма: Ал бастадық деген сөзден кейін сіздер əрқайсыңыз 
кез  келген  бір  сан  жазыңыздар:  айталық 5..... немесе ...... . Ал 
бастадық...... .
2 - тапсырма: Енді кез келген бір фразаға сөз тіркестерін жазыңыз. 
Не туралы жазғың келсе, сол туралы; мысалы: күз туралы, өзіңіз ту-
ралы өзіңіз біліңіз..... Ал бастадық..... . 
3 - тапсырма: Кез келген жазушының фамилиясын жазыңыз; мы-
салы: С.Мұқанов..... немесе басқаны..... . Ал кеттік..... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет