Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет25/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   215
Əдістеменің  өңделуі.  Тақырыптық  апперцивті  тестін  өңдеуге 
арналған 20 шақты сызба бар, олар тек əңгімелер талдауын ғана емес 
категорияларға жəне тұлға типтеріне қарай бөлінеді. Соңғы уақытта 
əдістеменің  тиімділігін  көтеру  мақсатында  адамдарды  емдеу  үшін 
қолданатын  бірнеше  жаңа  категориялар  енгізіледі.  Олар: 1) ұзақ 
мерзімді, 2) деңгейлі, 3) шартты, 4) икемділік. Осы категориялардың 
көрсеткіші ұпай түрінде қойылады жəне əр-қайсысының арасындағы 
тығыз  байланыстар  ескеріледі.  Мюррей  сызбасындағы  суреттердің 
ерекшелігін сипаттауда деңгейлі жəне икемділік категорияларының 
болуы,  əңгіменің  əрбір  кейіпкерінің  белсенділігін  анықтайды. 
Əртүрлі  деңгейдің  кезектестігі  мен  жиілігі,  вариативтілігі  де 
қарастырылады. Қиялғажайып əңгімелерді ұзақ уақыт бойы ақиқатқа 
сəйкестендіріліп,  кəсіби  тұрғыдан  баяндалса,  бұл  «Артығымен  –
МЕН»  күшінің  қажеттілігін  басады.  Ерте  балалық  шақта  болған 
уайымға  қатысты  мəселелерге  ерекше  зейін  аударылады.  Мюр-
рей  принципі  бойынша  тəжірибе  жұмысында  жұптасқан  қасиеттер 
көрініс береді. Олар: агрессия, қорғану, икемділік, депрессия, белгілі 
бір  ойға  шамадан  тыс  берілуі,  сезімнің,  сананың  басқа  нəрсеге  тез 
ауытқуы, көңілсіздік, эмоциялық қозуын білдіретін психикалық ауыр 
жағдайдың болуы, оптимизм немесе пессимизм жəне т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет