Интеллектің факторлы модельдері Интеллект топтамасының теореялық деңгейін К. Спирмен жалпы
фактор ретінде қарастырды. Əр түрлі интеллектуалды тесттерді орын-
дап жаттыққан зерттелінуші өзге тесттердің шешімін табуда жақсы
жетістіктерге жетіп, оң бағаға ие болады. Мысалы: ойлау əрекетіне
арналған тестін жоғары деңгейде орындай алған адам, басқа да таным
қабілеттеріне арналған тесттерді нəтижелі орындайды. Əр түрлі интел-
лектуалды тест нəтижелерінің арасында корреляциялық байланыс бар.
Спирменнің моделі интелектің екі факторлы моделі деп аталады. Ол:
G - «ақыл-ой энергиясы» ретінде анықталады, S – «интеллектуалды
белсенділік» немесе тес тапсырмаларының ерекшелігін айқындайды.
Кейіннен екі факторлы интеллект моделі тағы факторлар-
мен толықтырылып, Спирмен тұжырымы иерархиялық модель-
ге ауысты. Бұл факторлар механикалық, арифметикалық жəне
лингвистикалық (вербалды) қабілеттер S жəне G факторлар арасын-
да орналасатындығын дəлелдеді.