Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет60/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   215
Қабілеттер тесті
Қазіргі қоғамда, əлеуметтік ортада тұлғаның интеллектуалды даму 
деңгейі өзекті мəселе бола алады. Сондықтан да жеткіншектік шақта 
интеллектуалды даму деңгейін зерттейтін көптеген əдістемелер бар. Сол 
əдістемелердің бірі ақыл-ой дамуын анықтауға арналған мектептік тест ( 
көп жағдайда бұл əдістемені қысқаша түрде ШТУР деп атайды).
Бұл  тест  мектептегі  жеткіншек  жəне  жасөспірімнің  ақыл-ой 
деңгейін диагностикалауға арналған. Бір вариантының өзі 6 тапсыр-
мадан (субтестен) тұрады. Əрбір субтест белгілі бір уақыт көлеміне 
қарай орындалады.
1-тапсырма. «1-хабардар болу» - 8 минут беріледі.
2-тапсырма. «2-хабардар болу» - 4 минут беріледі.
3-тапсырма. «Анология» - 10 минут беріледі.
4-тапсырма. «Топтастыру» - 7 минут
5-тапсырма. «Жалпылау» - 8 минут
6-тапсырма. «Сандық қатарлар» - 7 минут уақыт беріледі.
Нұсқау: «Сізге қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды салы-


128
стыру,  жалпылау,  айырмашылығын  табу  жəне  талдауға  бағытталған 
тапсырмалар  беріледі.  Бұл  тапсырмалар  сабақта  өтіп  жатқан 
тақырыптарға  ұқсайды,  бірақ  өзіндік  айырмашылығы  бар.  Сіздерге 
қалам  мен  арнайы  бланкі  таратылады.  Əрбір  субтесті  орындау  үшін 
бағыт-бағдар берілетін түсініктемелер жазылады жəне əр тапсырманың 
шектеулі уақыты беріледі. Бастаушының бұйрығы бойынша басталады 
жəне  аяқталады.  Тапсырма  талапқа  сəйкес  орындалуы  керек.  Мыса-
лы, бірінші сұрақ қиындық туғызса, əрі қарай орындай беріңіз, себебі 
уақыт  сізді  күтпейді.  Шапшаң  жəне  қатесіз  орындауға  тырысыңыз». 
Нұсқауды түсіндіріп болғаннан кейін, зерттеуші тестік бланкілерді та-
ратады. Ал оқушылар, ең алдымен, бланкінің жоғарғы жағындағы аты-
жөні мен сыныбын толтырады. Содан кейін экспериментатор бірінші 
субтест  бойынша  тапсырманы  түсіндіреді.  Аудиторияның  барлығына 
түсіндіріп болғаннан кейін бірдей уақытта бастайды. Əрбір субтестің 
уақыты біткеннен соң келесі субтестің мазмұны түсіндірледі. 
Тесттің нəтижесін шығару.
Əрбір субтестегі дұрыс жауаптарды тексеріп шығу. 
№5 субтестің жауаптарын ұпайлар бойынша белгілейді: 

тапсырманы нақты дұрыс таба алса 2 ұпай;
дұрыс жауапқа ұқсас болса – 1 ұпай;
дұрыс жауаптан алшақ болса – 0 ұпай.
3. Барлық тапсырма бойынша ұпайдың қосындысын шығару. 
 Бірінші субтест бойынша, топтағы əрбір мүшелердің деңгейлері 
салыстырылады  жəне  барлық  субтестің  арифметикалық  орталық 
нəтижесі шығарылады.
Екінші субтест бойынша, тест нəтижесін сапалы тұрғыдан талдау 
жасау келесідегідей болып орындалады. 
Үшінші  субтест  бойынша:  а)  құрылымдық  байланысы  бар, 
қарама-қайшылықты  себеп-салдары  қамтылған  логикалық  байла-
нысы бар жан-жақты өңделген сұрақтар; б) логикалық байланыспен 
объективті  құрылған  тапсырмалар;  в)  тесттің  мазмұны  мектептегі 
пəндер бойынша қарастырылған;
Төртінші  субтест  бойынша:  а)  тапсырма  мазмұны  жағынан  жеңіл 
орындауға  бағытталған;  б)  тапсырмада  дəл  жəне  абстрактылы  түсі-
ніктемелер беріледі, аңғарып отырмаса көп қате жіберіп алуға болады.
Бесінші  субтест  бойынша:  а)  нақты  белгілерді  жалпылауға 
негізделген;
б)  тапсырманы  топтастыру  барысында  абстрактылы  түсінік-
темелерге жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет