Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


 Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы



Pdf көрінісі
бет73/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   215
4.3 Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Тұлға  бағыттылығын  анықтауда 1967 жылы  Б.  Бассонның 
бағыттылық  сауалнамасы  жарық  көрді.  Сауалнама 27 пікірден 
тұрады,  əрбіреуіне 3 жауап  нұсқасы  болуы  мүмкін,  олар  тұлға 
бағыттылығының 3 түріне сəйкес. Бақыланушы тек бір ғана жауап-
ты  таңдауға  міндетті,  жауабы  нақтылыққа  сəйкес  болуы  керек  не-
месе оның пікірінің жоғары дəрежедегі формасын көрсетеді, соны-
мен қатар, ешқандай пікірге сəйкес келмейтін нұсқа алынады. Сон-
да ең жақын жəне нақтылықтан тыс екі жауап нұсқасы таңдалады. 
«Көбірек» жауабына 2 ұпай, «азырақ» 0, таңдалмаған 1 ұпай. 27 пікір 
бойынша алынған ұпайлар, əрбір бағыттылық түріне бөлек қосылып 


155
 
есептеледі.  Осы  əдістеме  көмегімен  келесі  бағыттылықтарды 
анықтауға болады.
Өзіне  бағыттылық  (Я) – жоғары  мəртебеге,  билікке  жету  үшін 
пайда  болатын  агрессия,  бəсекелестікке  икемділік,  шектен  тыс 
қозғыштық, психоневроздық аурулары кем болуы мүмкін. Жұмыстар 
мен жұмыстан қанағатқа, мадаққа бағыттылық.
Қарым-қатынасқа бағыттылық (О) - əр түрлі шарттарға қарамастан, 
адамдармен қарым-қатынасты сақтауға ұмтылыс, өзара іс-əрекетке 
бейімділік,  бірақ  көбіне  нақты  тапсырмаларды  орындауға  немесе 
шын  жүректен  басқа  адамдарға  көмектесуіне  кедергі  келтіретін, 
қоғам жақтауына бағыт ұстау топқа деген тəуелділік, басқа адамға ба-
уырмал болуға мұқтаждық жəне сол адаммен эмоциялық қатынаста 
болуды қажет ету.
Іске бағыттылық – іскерлік мəселелерді шешуге қызығушылық, 
жұмыстың  өте  жақсы  мүмкіндігіне  орындау,  бірігіп  іс  жасауға 
бағыттылығы  іс  қызығушылығы  орындалу  үшін  өз  пікірінде  тұра 
алу қабілеті, егер ол пікір жалпы мақсатқа жетуге пайдалы болады.
Нұсқау:  Сұрақ  парағы 27 пунктен  тұрады.  Əрбіреуі  бойынша 3 
жауап нұсқасы мүмкін: А, Б, В.
1)  Əрбір  пункт  жауаптарынан  тек  өз  көзқарасыңызға  сəйкес 
келетін  немесе  жақын  мағыналы  жауапты  таңдаңыз.  Егер  екі 
жауапқа  бірдей  баға  берсеңіз  де,  өзіңізге  ең  жақын  жауапты 
таңдауыңыз  қажет.  Жауаптар  а,  б,  в  əріптерімен  белгіленеді, 
жауап  берген  кезде  пункт  нөміріне  сəйкес  жауап  нұсқасының 
əріптері қойылады.
2) Енді сіздің пікіріңізге мүлдем келмейтін жауап нұсқасын «өте 
аз» бөлімінің астына жазамыз.
3) Сіздің пікіріңізге келмейтін ешбір жауап болмаса жазбаймыз. 
Өзіңізді өзіңіз алдауға құмар болмаңыз.
Жауаптар нұсқалары арасында «жақсы» немесе «жаман» жауап жоқ.
1. Мен келесі жағдайларда жақсы əсер аламын:
а) менің жұмысымды мақұлдаса.
б) жақсы жұмыс жасаудағы əсер.
в) менің достарымның болғанын сезіну.
2. Егер мен футбол ойнасам, онда мен болар едім:
а) ойын тактикасын ұйымдастыратын тренер.
б) атақты ойыншы.
в) таңдаулы команданың капитаны.
3. Менің ойымша, ең жақсы педагог – ол:


156
а)  қатысушыларға  қызығушылықты  таныту,  əрі  жеке  тұлға  ре-
тінде қарау.
б) пəнге деген қызығушылығын арттыра отырып, қатысушылар 
өзінің білімін осы пəнге тереңдетеді.
в) ұжымда өз пікірін қорықпай айта алатын жағдай туғыза ала-
тын.
4. Адам бойында маған келесі қасиеттер ұнайды:
а) орындалған жұмысқа қуанса.
б) ұжымда белсенді жұмыс жасайтын.
в) басқаларға қарағанда өз жұмысын жақсы орындауға тырысатын.
5. Мен достарымның төмендегідей болғанын қалаймын:
а) мүмкіндік туғанда адамдарға көмектесетін.
б) маған адал болғанын.
в) ақылды жəне қызықты адамдар болғанын.
6. Мен ең жақсы достар деп санаймын:
а) кіммен жақсы қарым-қатынаста болғанда.
б) кімге əрқашан сенуге болады.
в) кім өмірде көп нəрсеге қол жеткізе алса.
7. Көбінесе мен жақсы көрмеймін:
а) егер менде бірдеңе орындалмаса.
б) егер жолдастарыммен қарым-қатынасым бұзылса.
в) егер мені əңгімелесе.
8. Менің ойымша, ең жаманы мұғалімнің:
а) кейбір оқушылар оған сүйкімсіз екенін жасырмайтын, оларға 
күліп, əзілдессе.
б) ұжымда қарама-қайшылықты оятады.
в) өзінің пəнін толық білмесе.
9. Бала кезімде маған көбінесе ұнағаны:
а) достарыммен уақыт өткізген.
б) орындалған жұмыстың əсері.
в) мені бір нəрсеге мақтағанды.
10. Менің ұқсағым келеді:
а) өмірде жақсылыққа қол жеткізгенге.
б) өзінің жұмысына шынымен берілген.
в) ақкөңілділігімен жəне бауырмалдылығымен ерекшеленетін.
11. Ең алдымен мектеп болу керек:
а) өмірді құруға үйрететін тапсырмаларды шешетін.
б) ең алдымен, оқушының индивидуальдық қабілетін дамытуы.
в) адамдарды іс-əрекетте көмектесетін сапалы тəрбиелеу.


157
 
12. Егер менің бос уақытым көп болса, мен пайдаланар едім:
а) достарыммен сөйлесуге.
б) көңіл көтеру мен демалуға.
в) өзімнің сүйікті ісіме жəне өз біліміме.
13. Мен көптеген жақсылыққа қол жеткіземін, егер:
а) өзіме сүйкімді адамдармен жұмыс істегенде.
б) менің жұмысым қызықты.
в) менің күшім жақсы бағаланса.
14. Мен жақсы көремін, егер:
а) басқа адамдар мені бағаласа.
б) орындалған жұмысқа қанағаттануды сезінсем.
в) достарыммен жақсы уақыт өткізсем.
15. Егер мен жайында мақала газетке жазылса қалар едім:
а)  оқумен,  жұмыспен,  спортпен  байланысты  кейбір  қызықты 
жұмыс жайында айтса.
б) менің жетістіктерім жайында жазса.
в) міндетті түрде ұжым жайында айтса.
16. Мен бəрінен де жақсы оқимын, егер оқытушы:
а) маған тұлғалық қарым-қатынаста болса.
б) басқаға қызығушылығымды оятса.
в) ұжымдық əңгімелесуде үйрету жағдайларын орналастыра алса.
17. Мен үшін ең жаманы ол:
а) жеке басыма деген күшейтушілік.
б) маңызды іс-шара кезіндегі сəтсіздік.
в) достарымды жоғалту
18. Бəрінен де бағалаймын, мен:
а) жетістікті.
б) жақсы жұмыстың мүмкіндіктерін.
в) практикалық түрде ойлай білуді.
19. Мен мынадай тұлғаларды:
а) басқалардың өзін төмендететін.
б) жиі кикілжің туғызатын.
в) жаңашылдыққа қарсы көзқараста болатынын.
20. Жағымды, егер:
а) барлығы маңызды жұмыспен айналысса.
б) достарың көп болса. 
в) бəріне ұнайсың жəне жағымды əсер тудырасың
21. Менің ойымша, ең алдымен жетекші мынадай болу керек
а) сенімді.


158
б) беделді.
в) талап қойғыш.
22. Бос уақытымда мен ... кітап оқыр едім:
а)  жақсы  достар  табуға  жəне  жақсы  қарым-қатынаста  баяндау 
жайындағы.
б) атақты жəне қызықты адамдар жайында.
в) ғылымның соңғы жетістіктері жайында.
23. Егер менің музыкаға деген қабілетім болса, мен: 
а) дирижер
б) композитор
в) солист
24. Мен қалар едім:
а) қызықты байқау ойлап табуға.
б) байқауда жеңіп шығуға.
в) байқауды ұйымдастырып жəне жетекшілік етуде.
25. Мен үшін ең маңыздыны білу.
а) мен не істегім келеді.
б) мақсатқа қалай жету.
в) адамдарды мақсатқа жетуге ұйымдастыру.
26. Адам ұмтылыс жасау керек, себебі:
а) басқалары оған көңілі толуы.
б) ең алдымен, оны орындау.
в) оны орындалған жұмысқа мəжбүрлемеу керек.
27. Мен бос уақытымда демаламын:
а) достарыммен əңгімелесуде.
б) қызықты фильмдерді көруде
в) өзім жақсы көретін іспен айналысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет