Қорытынды бағалау: Бағалау əрбір серия бойынша бөлек есептеледі. Олар өзара салыс-
тырылады жəне төмендегіше сұрақтарға жауап алынады:
Бала өзі туралы тəрбиешінің ойын, пікірін, қарым-қатынасын
қалай түсіндіреді?
Жауап қанағаттанарлық па?
Бала үшін маңызы қандай?
Баспалдақтың қайсысын бала қалайды?
Себебін түсіндіре алама?
Баланың өзін-өзі бағалауы мен айналасындағы жақын
туыстарының бағасы сай келеме?
7- əдістеме «Керн-Йирасиктың мектепке оқуға даярлық жөнінде бағдарлау сынағы» Мақсаты: мектепке оқуға даярлықтың жалпы деңгейін анықтау.
Көрнекілік: таза ақ қағаз, екі жолақша.
Бірінші жолақшаға «сен су іш» деген сөйлемді жазамыз. Əріптер
көлемі 1х1,5.
Екінші жолақшаға нүктелер салынады, арақашықтығы вертикаль
жəне горизонталь 1 см., ал диаметрі 2 мм.
Зерттеу процедурасы: 1. Тапсырма: балаға төмендегіше нұсқау беріледі: ақ қағазға
ер адамның суретін еркін түрде сал. Қосымша нұсқау берілмейді.
Қандай көмек сұраса да, балаға өзің сал, сен суретті жақсы саласың
деген нұскау беріледі.