Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет36/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
9-сурет
Михаэлс константасының графикалық көрінісі.
Ферменттік реакцияның жүруін 4 фазаға бөлуге болады:
Бірінші фазада фермент-субстратты комплексі түзіледі, мұнда 
субстрат пен фермент иондық, коваленттік т.б. байланыстармен 
тұрақталады.


77
E + S ES
Екінші фазада фермент-субстратты комплекстің құрамында 
химиялық өзгерістер жүреді, нəтижесінде, фермент-субстрат 
ком плексі химиялық реакцияға дайын күйінде айналады.
Үшінші фазада химиялық реакцияның өзі жүреді, реакция 
өнімі түзіледі.
Төртінші фазада реакция өнімі фермент-өнім комплексінен 
бөлініп шығады.
Барлық фазаларды қосып жазсақ:
І ІІ ІІІ ІV
E + S ES ES’ EP E + P
 
Осы схемаға үлгі ретінде ацетилхолиннің гидролиздену ре-
акциясын алуға болады. Жүйке импульстерін жіберуде ацетил-
холин медиатор (дəнекер) қызметін атқарады. Процесс үздіксіз 
жүру үшін жүйке импульсінің жіберілу нəтижесінде бөлінген 
ацетилхолин толығымен ыдырауы қажет. Бұл гидролиз ре-
акциясы ацетилхолинэстераза ферментінің қатысымен өтеді 
(10-сурет).
+
ацетилхолинэстераза
СH

– CO – O – CH

– CH

– N(CH
3
)

+ H
2
O
Ацетилхолин
+
CH
3
COOH + HO – CH

– CH

– N(CH
3
)
3
сірке қышқылы холин
Ацетилхолинэстераза - бір компоненттен тұратын фермент. 
Активті орталығында шамамен төрт амин қышқыл қалдықтары 
болады, бұл - глутамин қышқылы, серин, гистидин жəне тирозин. 
Бірінші фазада, ацетилхолинэстераза ферментімен субстрат ара-
сында фермент–субстрат комплексі түзіледі. Комплексті байланы-
стырып ұстайтын глутамин қышқылының - СООН тобы мен (+) 
зарядталған ферменттің N атомы арасындағы электростатикалық 
тартылу күштері.


78
А - ферменттің активті орталығы, Б – фермент-субстратты 
комплекс, 
В – фермент-субстратты комплекстің құрылымын өзгерту 
арқылы субстратты дайындау кезеңі. Г - өнімі мен фермент.
Фермент–субстратты комплекс түзілгеннен кейін ацетилхоли-
нэстераза ферментінің активті орталығында орналасқан басқа да 
амин қышқыл қалдықтары түрлі өзгерістерге түседі. Нəтижесінде 
ацетилхолиндегі күрделі эфирлік байланыста – СО тобымен от-
тек арасындағы байланыс əлсірейді, енді бұл байланысты үзу 
үшін энергия көп жұмсалмайды, яғни ES’ – комплекстің пай-
да болуы химиялық реакцияның энергетикалық мүмкіндігінің 
төмендеуіне əкеледі. Фермент-субстратты комплекс пайда болу 
кезінде ферменттің ІІІ реттік құрылымы бірнеше рет өзгереді, бұл 
ферменттің субстратқа жақындап, кеңістікте бағытталып орнала-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет