Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет124/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153
272
11.2. Өсімдік гормондары
Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге 
қатысады. Түрлі зерттеулерде триптофанның өзгерістерге ұшы-
рауы барысында өсімдіктер ағзасында никотин қышқылы түзілуі 
мүмкін. Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына 
айналуы жануарлар ағзасында дəлелденген.
Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан бас-
қа физиологиялық белсенді заттардың қажеттілігі өсімдіктен бө-
лініп алынған тамыр ұшын қолдан дайындалған, стерилденген 
қо ректік қоспада өсіру нəтижесінде анықталды. 
11.3. Гормоноидтар
Гормоноидтар - əртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзіледі. Əсері 
өте қысқа мерзім ішінде өтеді. Гормондардың гормоноидтардан 
айырмашылығы: гормондар тек белгілі бір мүшеде түзіледі, гор-
моноидтар əртүрлі ағзалар мен ұлпаларда түзіледі.
Гормоноидтардың өкілдері: гастрин, секретин, нейрогормон, 
гистамин, ацетилхолин, серотонин т.б.
Зат алмасуы заттар мен энергияның ағзада өзгеруінің заңды 
тəртібі болып келеді. Белоктар мен майлардың алмасуының үде-
мелілігі көмірсулардың алмасуымен қамтамасыз етіледі жəне 
керісінше. Азықта майлар жетіспегенде олардың ағзаға деген 
қажеттілігін өтеу үшін, белоктар мен көмірсулардың ыдырауы 
күшейе түседі жəне т.т. Сөйтіп ағза біртұтастықты қызмет етеді.
Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі, 
ішкі секреция бездері арқылы реттеледі. Реттелу феременттермен, 
гормондармен, цАМФ-пен жəне биохимиялық реакциялардың 
жалпы өнімдерімен іске асырылады. Əрбір ферменттік реакция 
белгілі бір метаболизм жолдарының бөлімін құрса, ал зат алма-
суы сол барлық метаболизм жолдарының жиынтығы болып та-
былады. Көптеген метаболиттік жолдардың қиылысында тұрған 
«торапты» метаболитке пирожүзімқышқылы жатады. Кей жағ- 
дай да күрделі заттардың ыдырауы осымен аяқталса, ал екінші-
сінде одан түзілуі басталады. Əртүрлі алмасулардың өзара байла-
ныстары Кребс циклінің реакциялары арқылы іске асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет