Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Сонымен, биохимияның ең түпкі (міндеті) мақсаты – тірі ағ- залардың тіршілігін химия тілінде жазып шығу. Тест тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет125/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153
273
Сонымен, биохимияның ең түпкі (міндеті) мақсаты – тірі ағ-
залардың тіршілігін химия тілінде жазып шығу.
Тест тапсырмалары
1. Қалқанша безінің гормоны
А) тироксин
Ə) инсулин
Б) адреналин
В) вазопрессин
Г) окситоцин
2. Ұйқы безінің гормоны:
А) тироксин
Ə) инсулин
Б) адреналин
В) вазопрессин
Г) окситоцин
3. Инсулин қандай бездің сөлі?
А) қалқанша безінің
Ə) ұйқы безінің
Б) бүйрек үсті безінің
В) жыныс бездерінің
Г) гипофиз безінің
4. Гипофиз гормондары:
А) окситоцин, вазопрессин
Ə) инсулин, адреналин
Б) норадреналин, тироксин
В) эхстрагендер, глюкагон
Г) окситоцин, глюкагон
5. Гормондарды танитын жасуша компоненті:
А) мембрана
Ə) рецептор
Б) акцептор
В) жүйке жүйесі
Г) субстрат
18–519


274
6. Йод адам рационында жетіспесе, қалқанша бездері төмендегідей 
ауруға шалдығады:
А) анемия
Ə) цинга
Б) зоб
В) рахит
Г) пеллагра
7. Биологиялық əрекетшіл заттарды, ағзадағы метаболизм, зат 
алмасу реакцияларын үдететін, өсу, көбею қарқынын, тағы басқа 
маңызды функцияларды реттеушілер:
А) гормондар
Ə) эндокрин бездері
Б) эритроциттер
В) жүйке жүйесі
Г) нуклеин қышқылдары
8. Инсулин:
А) бауырда синтезделеді
Ə) қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді
Б) екі полипептидті тізбектен тұрады
В) глюкозаның жүйке ұлпаларына ауысуын тездетеді
Г) бүйректе синтезделеді


275
ХІІ. СУ ЖƏНЕ МИНЕРАЛДЫҚ АЛМАСУ
Биологиялық сұйықтықтар. Қан, зəр, лимфа, ішек-қарын сөл-
дері, жасуша жəне жасушааралық сұйықтықтар ағзаның ішкі ор-
тасын құрайды. Бұлардың барлығына ортақ қасиет - олардың фи-
зикалық жəне химиялық қасиеттері мен құрамдарының тұрақты 
болуы. Бұл гомеостаз, яғни көрсеткіштердің тұрақтылығы деп 
ата лады. Міне, осы гомеостаздың тұрақтылығына жасушалардың, 
мүшелердің жəне бүкіл ағзаның қызмет істеуі тəуелді болады.
Жоғарыда көрсетілген биологиялық сұйықтықтарда Са, Р, Na, 
K, Cl, Mg сияқты макроэлементтердің жəне Fe, Co, Mn, Zn сияқты 
микроэлементтердің иондары болады.
Ағзаға бұл заттар, əртүрлі мөлшерде, ферменттердің жұмыс 
істеуіне қажет кофакторлар есебінде, рН, осмостық қысым, 
бұлшық еттердің жұмысы, қанның түзілуі, гормондар, нервтік 
импульстерді жеткізу т.б. жұмыстар үшін қажет (42-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет