Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет56/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153
Инозит
8
 витамині)
құрылымы жөнінде гексозаларға жа-
қын, тұйық тізбекті, алты атомды спирт.
Инозит фосфолипидтердің құрамына кіреді. Инозиттің био-
логиялық қызметі де құрамында осы аталған заттардың болуы-
мен байланысты деп болжайды.


111
Азық-түлікте, жем-шөпте инозит жетіспеген кезде малдың 
бауырында триглицеридтер жиналады жəне фосфолипидтер азая-
ды. Бауыр майды өңдеп сіңіре алмайды (дистрофия). Инозиттің 
жетіспеуі салдарынан жас төлдің өсуі бəсеңдейді, жүні түсіп 
қалады жəне тышқандар мен егеуқұйрықтарда қан азаю ауруы 
пайда болады. Адамдағы инозит-авитаминозы жөнінде мəлімет 
жоқ.
Инозит табиғатта кең таралған, ол өсімдіктерде фитин (ино-
зиттің фосфор қышқылды эфирі) түрінде кездеседі. Инозиттің əр 
тəулікте адамға қажетті мөлшері 1 – 1:5 г.
Пангам қышқылы (В
15
 витамині). 
Пангам қышқылы – 
Д-глюкон қышқылы мен диметиламинсірке қышқылының күр-
делі эфирі.
Пангам қышқылы (витамин В
15
)
Пангам қышқылы, метионин сияқты, тұрақсыз метилдік топ-
тың көзі. Ол холин, лецитин, креатин жəне басқа да метил денетін 
қосылыстар биосинтезіне қатысады.
Пангам қышқылы липид алмасуы бұзылған кезде қолданылады, 
сол сияқты ол витамин бауырды май басып бүлінуден қорғайды, 
оттектің жақсы сіңірілуін қолдайды.
В
15
витамині бауырда, ашытқыда, жұмыртқада, сүтте кездеседі.
U витамині (S-метилметионин, жараға қарсы витамин). 
Ақ қауданды капуста жапырағынан қарын жарасының асқынуын 
тоқтататын жаңа фактор бөліп алынды. Ол жараға қарсы вита-
мин немесе U витамині (латынның ulоus – жара деген сөзінен 
алынған) деп аталады. Витамин кристалды түрде бөлінген, ол 
метиониннің метилденген туындысы.
U витамині – метил тобының доноры, холин, лецитин, креа-
тин, тимин сияқты заттар синтезіне қатысады; бұл заттар қарын 
мен ішектің шырыш қабатында жүретін зат алмасу процесінде аса 


112
маңызды қызмет атқарады. U витамині гистаминнің улы əсерін 
залалсыздандырады жəне ауырғанды басатын қасиеті бар.
U витаминінің зат алмасуға əсер ету механизмі əлі белгісіз, 
бірақ ол қарынның жəне бүйеннің жарасына, гастритке қарсы 
табысты қолданылып жүр. U витамині капуста шырынында, 
көкөністерде кездеседі.
Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 
250-300 мг.
Антивитаминдер. 
Жасушаның витаминмен қоректенуіне əр-
түрлі əдістермен бөгет жасайтын заттарды – антивитаминдер деп 
атайды. Оларды екі топқа бөледі:
1. витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіз-
дендіретін, яғни инактивтендіретін заттар;
2. витаминдердің структурасына ұқсас жəне оларды биоло-
гиялық активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар.
Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады. 
Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, соны-
мен бірге қан айналу процесін баяулатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет