Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет58/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153
116
жанасу күшін
 
сипаттайды. Əдеттегі қосарланған байланыс жағ-
дайында π-электрондардың байланыс күшін, яғни байланыс 
тəртібі бірге тең деп алады. Қосарланған байланысы бар моле-
кулада, мысалы, қарастырылып отырған пиримидин молекула-
сында π -электрондардың орын ауыстыруының нəтижесінде бай-
ланыс тəртібінің мəні бөлшек болады. Байланыс тəртібінің мəні 
неғұрлым көп болған сайын оның қосылу реакцияларына деген 
қабілеті де күштірек сипатталады.
Нуклеин қышқылдарының құрамынан мынадай пиримидин 
туындылары табылды: цитозин, тимин, урацил, 5-метилцитозин 
жəне 5-оксиметилциотозин:
Пиримидиннің құрылымдық формуласы
Цитозин, урацил жəне тимин мөлшері нуклеин қышқылда-
рында біршама болса, ал 5-метилцитозин жəне 5-оксиметил-


117
цитозин өте аз мөлшерде жəне оның өзінде де кейде кездеседі. 
Сондықтан да олар минорлық (экзотикалық) негіздер деп атала-
ды. Белок тар құрамындағы сирек кездесетін амин қышқылдары 
сияқты оларды да нуклеин қышқылдары құрамында кейде кез-
десетін негіздер деп атауға болар еді. Соңғы жылдары пирими-
дин қа 
тарының нуклеин қышқылдарынан табылған минорлық 
негіз дерінің тізімі толықты. Нуклеин қышқылдарының пурин не-
гіздері гетероциклдік-пуриннің туындысы болып табылады.
Пиримидин циклі сияқты бұл жерде де формулаға жай жəне 
қосарланған байланыстар шартты түрде қойылады. Пурин мо-
лекуласындағы атом аралық қашықтықтар да жəне жоғарыда 
келтірілген байланыстар тəртібі де пурин сақинасын құрайтын 
С жəне N атомдарының 
π
-электрондарының жанасу дəрежесінің 
жоғары екендігін көрсетеді.
Пиримидиндік Имидазолдық
сақина сақина
Нуклеин қышқылдарының гидролизаттарында пуриннің екі 
туындысы - аденин мен гуанин əрқашанда кездеседі;
Аденин Гуанин
(6-аминопурин) 
(2-амино-6-оксипурин)


118
Сонымен қатар, нуклеин қышқылдарының құрамында ми-
норлық пуриндік негіздер – аденин мен гуаниннің метилденген 
туындылары да кездеседі.
Пиримидин мен пуриннің окситуындыларының маңызды 
ерек шелігі олардың таутомерлік (лактам-лактимдік) түрге айналу 
мүмкіндігі болып саналады:


119
Сондықтан да лактамдық түрдегі 1-ші N атомы бойынша пири-
мидин негіздері нуклеин қышқылдарының құрамында табылған 
көмірсулармен өзара байланысқа түседі.
Нуклеин қышқылдарының құрамына бір-біріне ұксас екі 
мо носахарид: рибоза жəне дезоксирибоза кіреді. Бұл моносаха-
ридтер бос күйінде сақиналы-тізбекті таутомерия түрінен туын-
дайтын таутомерлік түрде болады. Нуклеин қышқылдарының 
құрамында бұл екі моносахарид 
b
-D-рибофураноза түрінде 
кездеседі.
β
-D-рибозамен салыстырғанда екінші моносахарид (
β
-D-
2-дезоксирибоза) 2-көміртегі атомы бойынша тотықсызданған 
қосынды болып табылады. Тотықсыздану процесінде гидрок-
сил тобы бөлініп алынатын болғандықтан, пайда болған туынды 
дезоксирибоза деп аталады, ал екі деген сан гидроксил тобы Н 
атомына алмастырылған рибозаның көміртек атомының нөмірін 
көрсетеді. 


120
Рибоза мен дезоксирибоза нуклеин қышқылдарының құрамына 
кіретін көмірсулар. Кейбір фагтардан, рак жасушаларының кейбір 
түрлерінен бөлінген ДНҚ-да глюкоза табылған.
Нуклеин қышқылдарын гидролиздеп, өнімдерін зерттеу ба-
рысында маңызды тұжырым жасалды. Əртүрлі биологиялық 
объектілерден бөлінген нуклеин қышқылдарының құрамы 
бірдей еместігі анықталды. Бұл алғаш рет бұзаудың бұғақ 
безінен (тимонуклеин қышқылы) жəне ашытқыдан (ашытқы ну-
клеин қышқылы) бөлінген нуклеин қьшқылдарының құрамын 
салыстырғанда анықталды. Нуклеин қышқылдарының құрамына 
кіретін көмірсулардың сипатына қарай олардың біреуі – де-
зоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), екіншісі – рибонуклеин 
қышқылы (РНҚ) деп аталды. ДНҚ мен РНҚ арасында химиялық 
құрамы жағынан басқа да ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар 
(23-кесте).
Азот негіздері рибоза немесе дезоксирибозамен қосылып, ну-
клеозид түзеді (24-кесте).
Аденин + Рибоза
Аденозин
Тимин + Дезоксирибоза
Дезокситимидин
Урацил + Рибоза
Уридин
Цитозин + Дезоксирибоза
Дезоксицитидин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет