Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет114/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   224
Байланысты:
биохимия

7.2. Нуклеозидфосфаттар алмасуы
Фермент қатысында нуклеин қышқылдарының ыдырауынан 
пайда болған нуклеозидфосфаттар əрі қарай ыдырап, қарапайым 
қосылыстар түзеді. Бұл ыдыраудың І сатысында нуклеозидфос-
фаттан фосфор қышқылының қалдығы үзіледі. Мысалы:
                      
 
 
 
 

2
О
   аденин — рибоза — фосфор қышқылы  
        
аденин — рибоза + фосфор қышқылы (Н
3
РО
4
)
Екінші этапта рибоза қалдығы нуклеозид қалдығынан фосфор 
қышқылына ауысады.
                                                                    аденазинфосфорилаза
  аденин — рибоза + фосфор қышқылы
 
        
рибоза — фосфат + аденин


171
Демек екінші этаптан кейін нуклеозидфосфаттан рибоза-
1-фосфат жəне пурин немесе пиримидин негіздерінің барлық 
түрлері бос күйінде пайда болады. Рибоза -1-фосфат көмірсулар 
қатарына қосылып алмасуға түседі.
Пурин жəне пиримидин негіздерінің ыдырауы. Амин топтары 
бар пурин жəне пиримидин негіздерінің ыдырауы дезаминдеу ре-
акциясынан басталады. Бұл арнайы аминогидролаза ферменттер 
көмегімен өтеді. Нəтижесінде, мысалы, аденин 
→ гипоксантинге, 
гуанин 
→ ксантинге, цитозин → урацилге айналады.
Дезаминдеу нуклеотид жəне нуклеозид деңгейінде де жүруі 
мүмкін. Аденазин, мысалы, инозинге айналады жəне бұл реакция 


172
үлкен шапшаңдықпен өтеді, ал аденазинфосфат инозинфосфат 
түзеді.
Дезаминдеу нəтижесінде пайда болған ксантин, гипоксантин 
несіп қышқылына дейін тотығады. 
Гипоксантин + ½ О
2
 
→  несеп қышқылы.
Бұл реакцияны катализдейтін оксидоредуктаза класының фер-
менттері (ксантиноксидаза). Жануарлардың кейбір түрінде несеп 
қышқылы орнына аллантоин пайда болады.
Пиримидин негіздері дезаминдеу реакциясынан кейін тотық-
сызданады, тотықсыздану процесіне қажетті сутекті беретін 
НАД·Н
2
(донор), реакция нəтижесінде β-аланин жəне карбамин 
қышқылы пайда болады. Карбамин қышқылы ыдырап, СО
2
 жəне 
NH

түзуі мүмкін.
Карбамин қышқылы мен β-аланин урацил мен цитозин ыды-
рағанда пайда болады, тимин ыдырағанда β-аминомай қышқылы 
түзіледі.
Нуклеозидфосфаттар синтезіне қажетті бөліктері (пурин, 
пи 
римидин негіздері, пентоза, фосфор қышқылы) жасушада 
кездеседі.
Пурин жəне пиримидин негіздерінің пайда болуы əртүрлі 
жолдармен жүреді, бірақ ұқсастықтары да бар: 1) гетероциклді 
сақина үшін гли, асн, глн амин қышқылдары қолданылады; 2) 
пурин, пиримидин сақиналарына СО
2
 мен формиаттан көміртек 
атомы қосылады; 3) пурин жəне пиримидин негіздерінің синтезі 
жəне оның аяқталуы рибоза-5-фосфатта жүреді, сондықтан 
синтездің соңғы өнімі бос күйіндегі пурин, пиримидин негіздері 
емес, нуклеозид-5′-фосфаттар болады; 4) барлық процесс фер-
мент қатысында өтеді.
Нуклеин қышқылдары нуклеазаның əсеріне ұшырайды. 
Ұйқы безінің дезоксирибонуклеазасы (ДНҚ-азасы) дезоксинук-
леопротеидті (ДНП) протеиндермен ДНҚ-ға ыдыратады. Бұл 
процесс гистидин, аргинин жəне лизинмен активтендіріледі. 
Содан кейін фермент ДНҚ-ның қос оралымды молекуласына 
бірнеше сатыларымен тізбектің ең ұзын бойына ретсіз «шабу-
ыл» жасайды. Ең алдымен, ДНҚ молекуласының қос оралымды 


173
сынықтары пайда болады, олар біртіндеп қысқарады да, нуклеин 
қышқылының бір оралымды бөлігін құрайды. ДНҚ-ны ДНК-аза 
олигонуклеотидтерге ыдыратады. Процесс магний (Mg
2+
) ионы-
мен активтелінеді.
Панкреат РНК-азасы, ең алдымен, РНҚ-ның оралымданбаған 
бөліктеріне шабуыл жасап, оларды гидролиттік жолмен ыды-
ратады. Бұдан РНҚ молекуласының екінші құрылымын ұстап 
тұрған байланыстар əлсіреп, оралымның одан арғы ширатылуы-
на жəне РНҚ молекуласының жаңа сынықтарының пайда болуы-
на мүмкіндік туғызады.
Нукелин қышқылы
 
       
                    
        
       қорыту (фермент: трипсин, 
 
 
 
 
       пепсин т.б.)
                      
 
 
   олиглнуклеотид
                      
 
 
   мононуклеотид
     пурин негіздері
     пиримидин негіздері
     пентоза
     Н
3
РО
4
    соңғы өнімдер
1. Зəр қышылы (аллантоин)
2. Мочевина
3. β-аланин
4. β-аминомай
5. Н
3
РО

6. СО
2


174
Содан кейін РНҚ сынықтарының ішінде қайта фосфорлау-
дың арқасында 2’, 3’ фосфор туындылары пайда болады. РНҚ 
сынықтарының олиго- жəне мононуклеотидтерге ұсақталуы 
одан əрі үдей түседі жəне де цитозин туындылары урацилдікіне 
қарағанда тез гидролизденеді. Сонан соң нуклеотидтер ерекше 
гидролиттік ферменттермен ажыратылады.
Нуклеин қышқылдарының ыдыраған өнімдері ащы ішекте мо-
нонуклеотидтер, нуклеозидтер, пентозалар, пурин жəне пирими-
дин негіздері, фосфор қышқылы (оның эфирлері жəне тұздары) 
түрінде сіңіріледі.
Ыдырау өнімдерінің едəуір бөлігі бауырдан орталық қан ар-
насына түсіп, бүкіл ағзаға таралады, онда жасушаның əртүрлі 
қажетіне жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет