Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет113/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   224
Байланысты:
биохимия

5. Макроэргиялық қосылыстар:
А) фосфор қышқылының қалдықтары бар қосылыстар
Ə) құрамында қуатқа бай байланыстары бар қосылыстар
Б) мембрана арқылы заттарды тасымалдайтын қосылыстар
В) трансфосфорлану арқылы пайда болған қосылыстар
Г) кіші молекулалық қосылыстар
6. Амин қышқылдардың трансаминдеу процесіне қатысатын ко-
фермент
А) В
2
Ə) В
3
Б) В
5
В) В
6
Г) В
1
7. Пируватдегидрогеназа комплексінің құрамында кездесетін ко-
ферменттер:
А) тиамин
Ə) пиридоксин
Б) филлохинон
В) рибофлавин
Г) цианокобалоамин


169
VII. НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ
7.1. Нуклеин қышқылдарының ыдырауы жəне сіңірілуі
Нуклеин қышқылдарының алмасуы жоғары дəрежелілігі-
мен сипатталады, себебі олардың əрекетімен белоктік заттардың 
биологиялық түзілуі тығыз байланысқан.
Азықта нуклеин қышқылдары нуклеопротеидтер түрінде бо-
лады.
Құрамында нуклеопротеидтері бар азық ауыз қуысында ме-
ханикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да, 
өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ-ның бірен-сараны сілекей 
рибонуклеазасымен (РНК-азасымен) олиго- жəне мононуклео-
тидтерге ыдырайды.
Асқазанда пепсин жəне тұз қышқылының əсерімен нуклео-
п ротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына жəне қарапа-
йым белоктарға ыдырайды.
Нуклеопротеидтердің алмасуы ащы ішекте аяқталады. Қал-
 
ған нуклеопротеидтерді трипсин нуклеин қышқылдарына 
қарапайым белокпен ыдыратады. Қарапайым белоктар (прота-
миндер жəне гистондар, альбуминдер жəне глобулиндер) ұйқы 
безінің жəне ішек сөлі ферменттерінің əсерімен амин қыш-
қылдарына дейін ыдырайды да, ащы ішекте сіңіріледі.
Нуклеин қышқылдарының ағзада алмасуы үлкен жылдам-
дықпен өтеді. Мысалы, тышқандар молекуласында ДНҚ молеку-
ласының жарты өмірі 1 тəуліктен 5-тəулікке дейін, ал көптеген 
мРНҚ-ның жарты өмірі эукариоттарда бірнеше тəулікті құраса, 
прокариоттарда бірнеше секунд болуы мүмкін.
Нуклеин қышқылдары ағзада нуклеаза ферменттердің əсерінен 
ыдырайды. Бұл ферменттер нуклеотид аралық фосфодиэфирлі 
байланыстарды үзеді. 
Полинуклеотидтердің ішкі байланыстарын – эндонуклеаза 
ферменттері ажыратады, нəтижесінде олигонуклеотидтер түзі-
леді. Нуклеин қышқылдары молекуласын тізбектің шетінен үзіп 
ажырататын нуклеазалар – экзонуклеазалар. Бұл кезде нуклеин 
қышқылдары мононуклеотидтерге дейін ыдырайды.


170
Нуклеаза ферменттерін субстраттың түріне қарай: рибону-
клеаза жəне дезоксирибонуклеаза деп те бөледі. Рибонуклеазалар 
– РНҚ молекуласының ыдырауын, ал дезоксирибонуклеаза ДНҚ 
молекуласының ыдырауын тездетеді.
Мұндай бөліну шартты түрде ғана жүреді, қазіргі заманда 
ДНҚ-ға да РНҚ-ға бірдей əсер ететін арнайы талғаушылық қасиет 
жоқ эндо- жəне экзонуклеазалар да бар.
Нуклеин молекуласының фосфодиэфирлі байланыстары-
на əсер ететін нуклеазалардың сипаты екі түрлі болып келеді: 
бірінші түрі 3′-көміртек атомымен рибоза немесе дезоксирибоза 
арасындағы күрделі фосфодиэфирлік байланысты (р-3′С - бай-
ланыс) гидролиздейді, ал екінші түрі 5′-көміртек пен рибоза мен 
дезоксирибозаның фосфодиэфирлік байланысын ыдыратады. 
(Р-5′С - байланыс).
Р-5′С байланысты үзетін нуклеазаны 3′-нуклеаза деп, ал Р-3′С 
байланысты үзетін нуклеазаны 5′ - нуклеаза деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет