Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет28/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   224
Байланысты:
биохимия

6-сурет. Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері.
Белок молекуласының төртінші деңгейдегі құрылымы.  Төр-
тінші деңгейдегі құрылым олигомерлі белоктарда болады. 
Мұндай белоктар екі немесе одан да көп полипептидтік тіз-
бектерден тұрады. Құрамына кіретін полипептидтік тізбектер 
бірдей немесе əртүрлі болуы мүмкін. Жеке полипептидтік 
тізбектерді суббөліктер деп атайды. Суббөліктер (протомер-
лер) бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі құрылымдармен сипат-
талады. Енді олардың бір-бірімен байланысып, жинақталып 
оралуы сол белоктың табиғи кеңістіктегі конформациясын, 
төртінші деңгейдегі құрылымын түзеді. Олигомерлі белоктардың 
молекулалық салмағы бір полипептидтік тізбекті белоктарға 
қарағанда əлдеқайда жоғары жəне олар күрделі қызмет атқа-
рады (6-сурет). Төртінші деңгейдегі құрылымы бар олигомерлі 
белоктардың молекулалық салмағы 50000-нан астам болу керек. 
Өте танымал олигомерлі белок - гемоглобин. Оның белоктық 
бөлігі екі бірдей 
ά-жəне екі бірдей β-тізбегінен тұрады.


43
Жеке суббөліктердің бір-бірімен түйісіп байланысуында 
олардың құрамындағы белгілі амин қышқыл қалдықтарының 
радикал топтарының арасындағы байланыстардың маңызы зор 
болады. Олар сутектік, электростатикалық, гидрофобтық т.б. 
əре   кеттесулер. Көптеген ферменттер, күрделі белоктар төртінші 
деңгейдегі құрылыммен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет