Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


-сурет. Үш карбон қышқылдарының циклі 157



Pdf көрінісі
бет107/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   224
Байланысты:
биохимия

23-суретҮш карбон қышқылдарының циклі


157
өнімдер ретінде ди-, трикарбон қышқылдары түзіледі. АСҚ-ның 
бір молекуласы толық тотыққанда, екі рет декарбоксилдену жəне 
төрт дегидрлену реакциялары жүреді (23-сурет).
ҮКЦ амфиболикалық жол болып табылады. Себебі ҮКЦ-да 
анаболикалық та, катаболикалық та процестер өтеді.
1. Көптеген молекулалардың негізін құрушылардың синтезде-
лу жолдары – ҮКЦ-дағы анаболикалық процестерден басталады. 
Мысалы;
α – кетоглутарат + аланин         глутамат + пируват
оксалоацетат + аланин           аспартат + пируват
сукцинил КоА      гем       гемоглобин, миоглобин, цитохромдар.
ҮКЦ-дағы катаболикалық процестер – көмірсулар, бос май 
қышқылдары мен амин қышқылдарының екі көміртекті ацетильді 
қалдықтарының тотығуын қамтамасыз етеді.
2. ҮКЦ жасушалық тыныс алуда жəне аэробты жасушалар-
да энергияны ұстау мен өңдеу жүйелерінде маңызды қызмет ат-
қарады.
3. ҮКЦ-да энергия көзі ретінде жұмсалатын барлық метабо-
литтердің толық тотығуының жалпы жолдары шоғырланған.
ҮКЦ-ның маңызы зор:
- “Метаболиттік ошақ” ретінде АСҚ молекуласын “жағып,” 
СО

-ге дейін толық тотықтырады.
- АСҚ-ның тотығуынан түзілген энергияны активті сутегі 
түрінде (НАД·Н
2
 немесе ФП·Н
2
) сақтайды.
- Пластикалық қызмет атқарады. 
ҮКЦ-да реакциялардың жүруі үшін оттегі тікелей қажет 
болмайды, бірақ тотықсызданған дегидрогеназалардың кофер-
менттері (НАД·Н
2
 немесе ФП·Н
2
) биологиялық тотығу (БТ) тіз-
бегінде қайта тотығуы үшін оттегін қажет етеді. Оттегі болмаған 
жағдайда, ҮКЦ-да реакциялар бір айналым ғана жүреді жəне 
бұл кезде түзілген НАД·Н
2
 мен ФП·Н
2
 тотықсызданған күйінде 
қалып қояр еді. ҮҚЦ-дағы реакциялдардың жүруін катализдеу 
үшін тотықсызданған дегидрогеназалардың коферменттері қайта 
тотығулары қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет