216
6-шы реакция кезінде глицеральдегидфосфаттың дегидрле-
нуі жүреді, сутек атомының акцепторы НАД
+
болады, реакцияға
Н
3
РО
4
қатысуымен, реакция нəтижесінде 1,3-дифосфоглицерин
қышқылы, құрамында макроэргтік байланысы бар зат түзіледі.
7-ші реакция кезінде 1,3-дифосфоглицерин қышқылдарындағы бір
фосфор қышқылының қалдығы АДФ-тан АТФ-тың субстраттық
фосфорилдену жолымен синтезделуіне жұмсалады. 9-шы реак-
ция кезінде дегидратация реакциясы нəтижесінде макроэргтік
қосылыс фосфоеноилпирожүзім қышқылы түзіліп, келесі реак-
ция тағы да субстратты фосфорилдеу
жолмен АДФ-тан АТФ-
тың түзілуіне мүмкіндік береді. Сонымен, бұл реакциялардың
нəтижесінде пирожүзім қышқылының енолдық түрі түзіліп, кейін
ферменттің қатысуынсыз пирожүзім қышқылының кето түріне
айналады. Түзілген ПЖҚ əрі қарай тотығып, декорбоксилденіп,
ацетил-КоА-ға, ал ацетил-КоА одан əрі лимон қышқылдарының
циклі арқылы СО
2
жəне суға айналады.
Енді
жоғарыда айтылған осы өзгерістерді схема түрінде қа-
растырайық (33-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: