242
Серин қалдығы жоғарыда берілген. Фосфолипидтердің басқа
қалдықтары – полярсыз гидрофобты «құйрық».
Екі түрлі табиғаты бар мұндай қосылыстар амфипатиялық
немесе амфифильдік (гректің «екі жақты» жəне «сезім» деген
сөздерінен шыққан) деп аталады.
Амфипатиялық қасиеттерінің арқасында фосфолипидтер жа-
суша мембранасының негізін құрайды. Фосфолипидтер денедегі
барлық ұлпалардың жəне жасушалардың құрамына кіреді. Олар
жүйке ұлпасының жəне мидың құрғақ массасының негізгі бөлі-
гін құрайды. Фосфолипидтер жүрек, бауыр құрамында кезде-
седі. Белоктармен бірге фосфолипидтер жасуша мембранасын
құрайды, жасушалардың жұмысы, тұтас ағза қызметі мембра-
наның зақымданбауына əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: