Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата06.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#8384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

лауазымының атауы  қолы 

толық жазылуы

 

 



 

Күні


А4 (210х297) форматы

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және  

құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына 23-қосымша

Нысан


ІСТІҢ КУӘЛАНДЫРУ ПАРАҒЫ

№ _____қор 

№ ________ тізімдеме № _____іс

Іске ___________________ парақ тігілді (салынды) және нөмірленді, оның ішінде: парақтардың 

литерлі № № __________________________ 

парақтардың есепке алынбаған № № ___________________

нөмірленген таза парақтар ___________________

+ ішкі тізімдеме парақтары _______________________

Нөмірлеуге жатпайтын салымдар мен қосымша түріндегі

__________________________құжаттар есепке алынады

(құжаттардың түрлері және олардың саны)

Іс құжаттарын қалыптастырудың, рәсімдеудің, физикалық жай-күйінің және есепке 

алынуының ерекшеліктері

парақтар


№№

1

2



1. Брошюралар және басқа баспа басылымдар

2. Үндеухаттар

3. Газеттерден қиындылыр

4. Ашық хаттар

5. Конверттер

6. Почта маркілері

7. Елтаңбалық маркілер

8. Почта штемпельдері және басқалар

9. Арнайы почта белгілері

10. Сүргіш, мастик мөрлер

11. Фотоқұжаттар

12. Карталар, жоспарлар, сызбалар және басқа да ғылыми-техникалық құжаттама

13. Суреттер, гравюралар, акварелдер

14. Танымал қайраткерлердің қолтаңбалары

15. Желімденген парақтар

16. Парақ бөліктерінің жойылуы

17. Өшуге айналған мәтін

Істің куәландыру парағын толтырушы 

Қолтаңбаның

тұлға лауазымының атауы                       қолы            толық жазылуы

 

 



 

     Күні

А4 (210Х297) форматы

Ескертпе.

1. Куәландыру парағы істегі парақтарды есепке алу және олардың нөмірлену ерекшеліктерін тіркеу үшін 

жасалады.

2. Куәландыру парағы жеке парақта (парақтарда) жасалады және істің соңында тігіледі. 

3. Куәландыру парағында істің нөмірленген парақтарының саны санмен және жазбаша және «+» (қосу) белгісі 

арқылы бөлек, іс құжаттарының ішкі тізімдемесінің парақтар саны көрсетіледі. 

4. Куәландыру парағында іс құжаттарын нөмірлеудің, рәсімдеудің және олардың физикалық жай-күйінің 

келесі ерекшеліктері белгіленеді:

1) почталық айналым құралдары (маркінің барлық түрлері, конверттер, ашық хаттар, бланкілер, штемпель-

дер, мөртаңбалар, пломбалар); 

2) мөрлер және олардың бедерлері;

3)  танымал  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерінің,  ғылым,  техника  және  мәдениет  қайраткерлерінің 

қолтаңбалары; 

4) фотоқұжаттар;

5) суреттер, гравюралар және акварелдер;

6) үлкен форматтағы құжаттар;

7) желімделген парақтар, құжаттардың бүлінуі;

8) фотосуреттер, құжаттар жапсырылған парақтар;

9) салымдары бар конверттер және оларда салынған парақтардың (заттардың) саны; 

10)  жеке  нөмірлері  бар  құжаттар  (соның  ішінде  баспалық  материалдар)  және  олардың  парақтарының 

(беттерінің) саны;

5. Егер істің бір парағында құжатты рәсімдеудің бірнеше ерекшеліктері бар болса, онда куәландыру парағының 

2-бағанында 1-бағанның әрбір позициясына қарсы осы парақтың нөмірі қойылады. 

6. Егер құжаттың бір парағында бірнеше маркі және басқа да материалдар бар болса, онда 2-бағанда істің 

парақ нөмірінен кейін олардың саны жақшада көрсетіледі.

7. Егер істе жасалған материалдардың ерекшелігіне байланысты нөмірлеу мүмкіндігі болмайтын заттар (шыны, 

металл, мата және басқалар) болса, онда 2-бағанда арасында осы зат тұрған парақтардың нөмірі көрсетіледі.

8. Істің құрамындағы және жай-күйіндегі кейінгі барлық өзгерістер (бүлінуі, құжаттардың түпнұсқаларының 

көшірмелерімен ауыстырылуы, жаңа құжаттардың қосылуы және басқалар) тиісті актілерге сілтеме жасала оты-

рып, куәландыру парағында белгіленеді.

9. Куәландыру парағы нөмірленбейді. 

А4 (210х297) форматы

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және 

құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына 24-қосымша

Нысан


                                                      

№ _________іс құжаттарының

                                                   

   

ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ

Р/с №№ Іс жүргізу индексі Құжаттың күні

Құжаттың тақырыбы

Іс парақтарының 

нөмірі 

Ескертпе


1

2

3



4

5

6



Жиыны_____________________________ құжат парағы.

(санмен және жазбаша)

Ішкі тізімдеменің парақтар саны _________________________.

(санмен және жазбаша)



Іс құжаттарының ішкі

тізімдемесін толтырған 

 

 Қолтаңбаның

тұлға лауазымының атауы 

қолы 


 

толық жазылуы

 

 



 

Күні


А4 (210х297) форматы

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және 

құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына 25-қосымша

Нысан


Істер тізімдемесі

Ұйымның құрылымдық                     

 

Бекітемін



бөлімшесінің ресми 

 

                   



 

Құрылымдық бөлімше

атауы    

 

 



                 

басшысы лауазымының атауы

 

 

 



 

 

_______________   Қолтаңбаның



 

 

 



 

 

(өз қолы)                толық жазылуы



 

 

 



 

 

Күні



_________жылғы (дардағы) №______тізімдеме

Р/с 


№№

Істің индексі

Істің (томның,

бөліктің) тақырыбы

Істің (томның,

бөліктің) соңғы 

күні

Істің (томның,



бөліктің)

сақтау мерзімі

Істегі (томдағы,

бөліктегі) 

парақтар саны

Ескерт-пе

1

2

3



4

5

6



7

Тізімдемеге № ___ден №___дейінгі____________________ іс енгізілді, 

(санмен және жазбаша)

оның ішінде:

литерлі нөмірлер:

қалып қойған нөмірлер:



Тізімдеме жасаушы   

 

Қолтаңбаның

лауазымының атауы   

қолы 


толық жазылуы

 

 



 

Күні


БҚҚ қызметінің 

 

 

Қолтаңбаның

басшысы 

 

қолы


 

толық жазылуы 

 

 



 

Күні


Ұйым мұрағатының   

 

Қолтаңбаның 

қызметкері 

 

қолы


 

толық жазылуы

 

 

 

Күні



Ескертпе.

Тұрақты сақталатын істер тізімдемесінде 5-баған толтырылмайды.

А4 (210х297) форматы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 қаңтарда 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10129 болып енгізілді. 

(Соңы. Басы 13-бетте).

Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы 22 желтоқсан                                    №145                               Астана қаласы



 

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын 

мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, 

есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы 

Заңының 18-бабының 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес 

бұйырамын: 

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және 

арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары бекітілсін. 

2. Мұрағат ісі және құжаттама департаментi заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымда-

рында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды қамтамасыз етсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және 

спорт вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр                                   А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  

2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекітілген

(Жалғасы 15-бетте).

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын

мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың

толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы  қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы 

мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау, есепке алу және қолдану тәртібін анықтайды және Ұлттық 

мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауды, сондай-ақ таратылған ұйымдардан қабылданған басқа мұрағаттық 

құжаттарды уақытша сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттарға (бұдан әрі 

– мұрағаттар) қолданылады.

2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына құндылық сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке тіркелген және 

тұрақты сақтауға жатқызылатын мұрағаттық құжаттар жатады. Басқа мұрағаттық құжаттарға жеке құрам бойынша 

құжаттар, сонымен қатар белгіленген сақтау мерзімі аяқталмаған құжаттар кіреді.

3. Мемлекеттік мұражайлар және кітапханалар құқықтық мәртебесі мен қызметінің ерекшелігін есепке ала 

отырып, осы Қағидаларды басшылыққа алады.



2. Мұрағатты толықтыру

Параграф 1. Мұрағатты толықтыру көздерінің тізімін құрастыру тәртібі

4. Мұрағатты Ұлттық мұрағат қорының және жеке құрам бойынша құжаттармен толықтыру бейініне сәйкес 

мұрағатты толықтыру жолымен іске асырылады және оған төмендегілер кіреді: 

1) мұрағатты толықтыру көздерін анықтау;

2) мұрағатқа қабылданатын мұрағаттық құжаттардың құрамын анықтау;

3) мұрағаттық құжаттарды мұрағатқа қабылдау-тапсыру. 

5. Қызметі барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары түзілетін ұйымдар мен жеке тұлғалар мұрағат 

қорын толтырудың бірден-бір көзі болып табылады.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары мұрағаттық қорды толықтыру көздері 

тізіміне кіреді.

Мемлекеттік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар мұрағатты толықтыру көздері тізіміне шарт негізінде 

кіреді.


6. Республикалық немесе коммуналдық меншікке жататын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша 

сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар толықтыру көздерінің тізіміне олардың бұдан бұрын толықтыру көздері – 

мемлекеттік ұйымдар болған мұрағаттар ғана енгізіледі.

7. Мұрағатты толықтыру көздеріне жатқызу мынадай белгілер негізінде жүргізіледі:

1) ұйымдар үшін: 

ұйымның ерекше рөлін және оның басқару жүйесіндегі тұрпаттылығын (ұқсас функцияларды орындайтын 

ұйымдар тобы үшін іріктеп қабылдау нысаны қолданылады) есепке алғанда ұйымның функционалдық-мақсаттық 

бағыты;


басқа ұйымдардың мұрағаттық қорларында ұйым қызметі туралы ақпараттың толық көрініс табуы;

2) азаматтар үшін:

азаматтың ғылым, мәдениет және қызметтің басқа салаларының дамуына қосқан үлесі;

қоғам өміріндегі айтулы оқиғаларды көзімен көрген, оған қатысушы ретінде алатын орны;

азаматтың туысқандық, достық, шығармашылық байланысы, жұмыс орны, лауазымы;

оның мұрағаттық құжаттарының дәуір үшін тұрпаттылығы («қатардағы» азаматтардың құжаттары );

азаматтың жинаған мұрағаттық құжаттарының құрамы мен мазмұны.

8. Толықтыру көздерінің тізімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтык актілері, осы Қағидалардың 

5-7-тармақтарының нормалары негізінде, сондай-ақ мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы уәкілетті органының 

(бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынымы негізінде мұрағатта жасалады.

9. Толықтыру көздері – азаматтар тізімі (мұрағаттық құжаттардың иесі немесе иеленушісі) арнайы қабылданған 

нысан бойынша міндетті түрде тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы көрсетіліп, олардың мұрағаттық 

құжаттарын мұрағатқа тапсыру мүмкіндігі заңды негізде жүргізіледі.

10.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  мұрағаты,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  мұрағаты, 

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаттарын толықтыру көздері тізімі мұрағаттың сараптама-

тексеру комиссиясының (бұдан әрі – CТК) қарауынын өткен соң уәкілетті органның Орталық сараптама-тексеру 

комиссиясына (бұдан әрі – ОСТК) бекітуге ұсынылады.

11.  Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  Қазақстан  Республикасы  астанасының 

мемлекеттік мұрағаттары облыс (қала) бойынша толықтыру көздерінің жинақ тізімін жасап, оларды жергілікті 

атқарушы органның СТК-ның қарауына ұсынады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), ол өз кезегінде облыс 

(қала) әкімі аппаратының келісімімен оны ОСТК-ның бекітуіне жолдайды.

12. Арнайы мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру көзінің тізімін ОСТК-ның келісімі бойынша құрылған тиісті 

мұрағаты бар мемлекеттік орган бекітеді.

13. Мұрағат әлеуетті толықтыру көздерінің тізімін жасайды. Оған Ұлттық мұрағат қорының құжаттары түзілетін, 

алайда ынтымақтастық туралы шарт қандай да бір себептермен жасалмаған мемлекеттік емес ұйымдар енгізіледі.

14. Ұйымдар мен азаматтарды мұрағатты толықтыру көзі тізіміне енгізу немесе тізімнен шығару, сондай-ақ 

мұрағаттық құжаттарды қорға қабылдау нысаны туралы анықтамалар, сараптама қорытындылары мұрағаттың 

(жергілікті атқарушы органның) СТК-ның қарауына ұсынылады.

Ұйымды мұрағатты толықтыру көзі тізіміне (тізімнен) қосу (алып тастау) туралы шешім ұйым басшысының 

қаперіне жеткізіледі.

15. Мұрағатты толықтыру көздері тізімін айқындау жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Өзгерістер мен 

толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

1) ұйым құрылған, қайта құрылған немесе жойылған жағдайда;

2) мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар мұрағатпен ынтымақтастық туралы шартты бұзған жағдайда;

3) ОСТК-ның шешімімен ұйымды басқа мұрағаттың толықтыру көзі тізіміне берген жағдайда.

Егер ұйымның қызметі барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары қордаланбаса, онда ол мұрағат қорын 

толықтыру көзі тізімінен алынып тасталады.

Мұрағатты толықтыру көзі тізімін қайта қарау және қайта бекіту тізімге түбегейлі өзгеріс енген жағдайда жүзеге 

асырылады, бірақ бес жылда бір реттен артық болмайды.

16. Әрбір мұрағатты толықтыру көзі – ұйымда оның құқықтық мәртебесін және қызметін сипаттайтын, сонымен 

қатар мұрағаттың жұмысы мен іс-жүргізуде құжаттарды ұйымдастыру құжаттарын қамтитын бақылау ісі жүргізіледі.

Мұрағатта толықтыру көзі жұмыстарын есепке алу мақсатында есептік-анықтамалық картотекалар мен де-

ректер базасы жасалады.

Параграф 2. Құжаттардың құндылығын сараптауды жүргізу тәртібі

17. Құжаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізу құжаттардың құндылығын сараптау өлшемінің 

кешенді белгілерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады:

1) құжаттардың шығу тегі – жеке және заңды тұлғалардың қоғамдағы орны (толықтыру көздерінің ерекше 

рөлін немесе үлгілік сипатын есепке алғандағы функционалдық-мақсатты бағыты), құжатта көрсетілген оқиғаның 

(құбылыстың, заттың) маңыздылығы, құжаттың пайда болған уақыты мен орны;

2) құжаттың мазмұны – құжаттағы ақпараттың мағынасы, ақпараттың басқа құжаттарда қайталануы, құжаттың 

мақсатты бағыты, құжаттың түрі мен түр өзгешелігі;

3)  құжаттың  сыртқы  ерекшеліктері  –  түпнұсқалығы,  құжатта  қарардың,  бұрыштаманың,  белгінің  бо-

луы, құжаттың сыртқы көрінісі, мазмұнын жеткізудегі нысаны, құжатты куәландыру және ресімдеу (көркемдік, 

палеографиялық, тілдік және басқа да ерекшеліктері), құжаттың физикалық жай-күйі.

18.  Құжаттарды  Ұлттық  мұрағат  қорының  құрамына  енгізу  кезінде  төмендегідей  қабылдау  нысандары 

қолданылады:

1) толық. Бұл нысанда ұйымнан Ұлттық мұрағат қоры құрамына кіретін құжаттар кешені толық қабылданады;

2) түріне қарай іріктеу. Бұл нысанда мұрағатқа ұйымнан бір түрдегі (әр түрінен) Ұлттық мұрағат қорына кіретін 

құжаттардың жекелеген түрлері қабылданады.

Түріне қарай іріктеу нысаны егер белгілі бір ұйымның жоспарлық-есептік және ақпараттық-талдамалық 

құжаттары жоғары тұрған немесе басқа ұйым қорының құрамында сол мұрағатқа түскен жағдайда қолданылады. 

Одан басқа, қызмет барысында құжаттардың жекелеген құнды түрлері қордаланатын ұйымдар үшін түріне қарай 

іріктеу қолданылады;

3) топтық іріктеп қабылдау. Бұл нысанда бір түрдегі (әр түрінен) ұйым тобынан бір немесе бірнеше ұйымдардың 

толық құжаттар кешені мұрағатқа келіп түседі. Мұндай қабылдауды қызмет барысында біркелкі ақпараттан тұратын, 

құрамы ұқсас құжаттар жиынтығы түзілетін ұйымдарға қолдану тиімді. Бұл жағдайда біркелкі ұйымдар тобынан 

неғұрлым қызығарлық тарихымен, қызметінің ауқымдылығымен, орналасу орны немесе басқа да өзгешеліктерімен 

топтан ерекшеленіп тұратын ұйымдар іріктеліп алынады.

19. Құжаттардың құндылығын сараптауға байланысты және оларды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізу 

(шығарып тастау), сондай-ақ құжаттарды Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтар объектілеріне жатқызу 

туралы ғылыми-әдістемелік мәселелерді шешуді ОСТК жүзеге асырады.

Құжаттардың құндылығын сараптауды осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес 

мұрағаттық құжаттардың немесе меншік иесінің тікелей қатысуымен мұрағат жүзеге асырады. Бұл жұмысты 

атқару барысында мұрағат сақтау мерзімі көрсетілген тұрпаттық және ведомстволық (салалық) құжаттар тізбесін 

басшылыққа алады. Аталған тізбеге кірмейтін жекелеген құжаттардың сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының 

нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Тұрақты  сақталатын  құжаттардың  істер  тізімдемесі,  құжаттары  (немесе  олардың  жылдық  бөліктері) 

бекітілгеннен  кейін  нақты  құжаттарды  Ұлттық  мұрағат  қорының  құрамына  енгізу  туралы  шешімді  Қазақстан 

Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының, Қазақстан Республикасы 

орталық мемлекеттік мұрағаттарының, арнаулул мемлекеттік мұрағаттарының және жергілікті басқару органдарының 

СТК қабылдайды.

Облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың),  ауданның  (қаланың)  мұрағаты  осы 

Қағидалардың  1-9-қосымшаларына  сәйкес  толықтыру  көздерінің  қызметі  барысында  пайда  болған  тұрақты 

сақталатын істердің тізімдемелерін, құжаттарды (немесе олардың жылдық бөліктерін) қарап шығады және оны 

жергілікті басқару органының СТК бекітуіне дайындайды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Қазақстан 

Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаттары және арнаулы мемлекеттік мұрағаттар мұндай тізімдемелерді 

өздері бекітеді.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның мұрағаты жеке құрам бойынша 

істер тізімдемесін осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес, түзетуге келмейтін зақымданған құжаттар тура-

лы актілерді осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес, бар болған жағдайда сақтауға жатпайтын құжаттарды 

жоюға бөлу туралы актілерді осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның СТК-ның 

келісуіне дайындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Қазақстан 

Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаттары және арнаулы мемлекеттік мұрағаттар аталған құжаттарды 

келісуді өздері жүргізеді.

20. Мұрағатта құжаттардың құндылығын сараптау:

1) мұрағаттық құжаттардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған жағдайда, соның ішінде жойылған ұйымдардан 

келіп түскен жеке құрам бойынша құжаттарға;

2) ерекше жағдайларда мұрағатқа реттелмеген құжаттар келіп түскенде;

3) егер мұрағат қорында (мұрағат қорларында) сақтауға келмейтін (құндылығы жоқ, телнұсқа немесе көшірме 

құжаттар, басқа құжаттардағы ақпараты қайталанатын құжаттар және тағы сондай) құжаттар болған жағдайда 

жүргізіледі. Мұндай жағдайда жұмыс кешенді түрде, яғни жоғары тұрған органның мұрағаттық қорларынан және 

ведомствоға қарасты ұйымдардың, қызметтері белгілі бір аймақпен байланысты біртекті ұйымдардың мұрағаттық 

қорлары бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге құжаттарды мемлекеттік сақтауда қандай мұрағатта қалдыру керек 

екендігі белгіленеді.

Ауқымды, қиын және бірнеше біртекті құжаттар қорымен жұмыс істеу үшін жұмыс нұсқаулығы және тұрақты 

сақтауға жататын немесе жатпайтын құжаттардың үлгі тізімі жасалады. Тізбеде мемлекеттік сақтауда қалған 

құжаттар тобына құрамы мен мазмұны туралы және осы топқа жататын жойылатын құжаттар туралы түсінік беріледі;

4) мұрағаттық құжаттар қайтарымсыз шетелге шығарылған жағдайда жүргізіледі.

21.  Мұрағаттық  қорлар  істерінің  тізімдемелерін  сипаттау  және  қайта  жасау  барысында  құжаттардың 

құндылығын сараптауды: 

1) істің атауын құрастыру барысында;

2) мұрағаттық істер тізімдемесіне сәйкес істердің тақырыбын жүйелеу барысында жүргізген орынды.

22. Қағаз негіздегі әрбір сақтау бірлігі (бұдан әрі – сақ. бір.) парақтап қаралады, фотоқұжаттар қаралады, 

дыбыстық құжаттар тыңдалады, кино және бейне құжаттары да монтаж үстелінде немесе экранда қаралады 

және тыңдалады.

23. Ақпараты қайталанатын құжаттар мемлекеттік сақтауда қалатын құжаттармен салыстырылған соң жоюға 

бөлінеді. Сақтауда аса құнды құжаттардың түпнұсқасымен қоса кейбір кездері телнұсқа даналары қалдырылады, 

сондай-ақ мәтінге бұрыштама қойылған, шешім шығарылған, белгі қойылған және түзетілген құжат нұсқалары да 

қалдырылады. Телнұсқалық құжаттардың құрамын олардың пайдаланылу қажеттілігіне байланысты мемлекеттік 

мұрағат айқындауы мүмкін.

24. 1917 жылды қоса алғанда оған дейінгі кезеңдегі қордаланған құжаттар жойылуға жатпайды. 1956 жылды 

қоса алғанда оған дейінгі кезеңде іс жүргізу барысында жеке тұлғалар істері мен өмірбаяндық сипаттағы құжаттар 

да жойылуға жатпайды. 1917 жылдан 1956 жылдар аралығында қордаланған құжаттарды жою тек уәкілетті органның 

келісімімен жүзеге асырылады.

25. Құжаттардың құндылығын сараптау нәтижесінде сақтауға ретсіз күйде түскен құжаттарға мұрағат осы 

Қағидалардың 1-9-қосымшаларына сәйкес тұрақты сақталатын құжаттардың істер тізімдемесін, уақытша сақталатын 

(10 жылдан аса) істер тізімдемесін, осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес жеке құрам бойынша істердің 

тізімдемесін және осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы 

акт жасалады. Бұл жағдайларда ұйымдармен тізімдемелерді, актілерді келісу жүргізілмейді.

26. Егер тұрақты және уақытша сақталатын (10 жылдан жоғары) құжаттар мұрағатқа реттелмеген күйде 

түскен болса, тізімдеме жасағанға дейін картоннан жасалған қатты мұқабаға немесе құжаттағы мәтіндегі уақыты, 

бұрыштамасы, шешімі және басқа да белгілері толық оқылатындай етіліп тігіледі. Істің мұқабасында қор құрушының 

атауы, құрылымдық бөлімшесі, істің нөмірі (индексі), істің тақырыбы, істің уақыты, (томы, бөлімі), істегі парақтар 

саны, істің сақтау мерзімі және істің мұрағаттық шифрі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құндылық объектілеріне жататын және аса құнды құжаттар үш клапан-

ды және аузы байланатын папкаларда немесе картонды қаптамада (қораптарда немесе тубустарда) сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет