Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық әндер фестивалі сценарийі Мақсаты



бет2/4
Дата18.06.2023
өлшемі21,4 Kb.
#102137
түріСценарий
1   2   3   4
«Қазақстан – егемен елім» әні 6 «А» сынып оқушылары Айнұр мен Аружанның орындауында

Жүргізуші: 
Самал желі, тау-тасы, таза жері
Саф алтындай, о, неткен ғажап еді!
Жаңа ғасыр жұлдызы атанып сен,
Жаса, жайна мәңгілік ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Ортаға 5 «Б» сынып оқушысы Сұңқарды «Алға, Қазақстан!» әнімен шақырамыз. Қол соғып қошемет көрсетелік!
Жүргізуші: 
Қазақстан – жеңісті дана күндер,
Қазақстан – толқынды лала гүлдер.
Қазақстан – әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
8«Ә» сынып оқушыларының орындауында «Батырлар ұраны» әні
Жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен айтылғандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Жүргізуші: 6 «Г» сынып оқушысы Бешлиеваның Назминаның орындауында «Родина моя - Қазахстан» әні
Жүргізуші:
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің-Қазақстан Отаным
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен,өзге де ел, халықпен
7 «В» сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әні.
Жүргізуші: Отан
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.
Отан өлсе, опырылып түскенің,
Күңіреніп көрге бірге құларсың.
Біздің Отан өліп, қайта тірілген,
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен.
Отанменен аспандағы Күн егіз,
Екеуінің амандығын тілеңіз.
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
(Несіпбек Айтұлы)
Жүргізуші: 
Отан деген не? «Отан» деп отбасы мен ошақ қасын, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең-байтақ жерді, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелеріміз, тай құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен баламыз жүрген елді айтамыз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – Қазақ елінің әрбір азаматының қасиетті борышы.
6 «В» сынып оқушыларының орындауында «Отан» әні.
Жүргізуші: 
Қазақстан Республикамыздың азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті.
Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Ту – ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі.
Жүргізуші:
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным!
5 «А» сынып оқушыларының орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет