Жүргізуші: Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,
О ағайын,халық емес ол көл-көсір.
Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,
Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.
Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,
Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін
Жүргізуші: Мен қазақпын Отаным— Қазақстан,
Тәуелсіз елді қорғайтын —мен жас ұлан.
Сүйемін туған халқым, байтақ елім,
Мақтан етем осындай ғажап жерім.
5 «Ә» сынып оқушысы Нұрболаттың орындауында «Мен қазақпын» әні.
Жүргізуші: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлі неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Жүргізуші: Қарасам Қазақстан картасына
Оранған бар байлықтың алқасына.
Армысың, атамекен – туған жерім,
Мен үшін сенің артық әр тасың да
Ортада «Туған жер» әнімен 7 «Ә» сынып оқушысы Менліхан Инабат
Жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман-тоғай, көлімізді
7 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Елім менің» әні.
Жүргізуші: Отаным төсің дүбір асқан белім,
Даңқың жер жиһанға асқан сенің.
Жібектей беттен өбіп самал желің,
Қарыштап болашаққа басқан елім.
Ортада 6 «Ә» сынып оқушылары «Туған жер» әнімен.