Сенің алма бағыңа Шыбық шаншып кетіп ем. Алдағы емір бағына Соны белгі етіп ем. Келдім қайтып майданнан, Таптым іздеп сені алғаш. Сол шыбықтан жайқалған Өсіпті бір алма ағаш. Тұр жайқалып бағыңда, Қызығамын, тамсанам. Өзің де бұл шағыңда Кем емессің дәл сонан. Неткен жақсы жер еді Жас шыбығым жайқалған! Бір сез айтқым келеді, Тіл жетпейді, айта алман. (Қасым Аманжолов)
Ей, халайық, барым ең сен, Зарыңа зар қосып ем. Жатың емес, досың ем мен, Дос бейілін тосып ем! Бауырым жара, сөзім нала, Дертпен келем мен бүгін. Аямас жау мені айнала Салды салмақ сұмдығын! Алдыңа кеп жар саламын, Тап жауымды жабылып. Өш аламын, өш аламын Қанды кекті жамылып! (МұхтарӘуезов)
§34. Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ауыспалы шағының ІІІ жақтағы жалғауы ды/ді түрінде келеді. Өлең тілінде, кейде қара сөзде де өлең өлшемі, ұйқасы сияқты шарттарға орай бұл жалғау ықшамдалып, жалаң -д түрінде қолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті т дыбысымен де айтылады. Мысалы, Әсет ақынның “Iнжу-маржан” деген өлеңінің бірінші шумағы:
Әуелетіп ән салса әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер тілдесет. Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы Жүрегінен күңіреніп желдей есет –
деп келеді. Мұндағы етістіктер әрі ұйқас үшін (бірінші жолдағы Әсет сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11 буыннан аспауы керек) тілдесед, есед (тілдеседі, еседі деудің орнына) болып қолданылып тұр. Екінші мысалға “Ақан сері - Ақтоқты” драмасынан Ақтоқтының сөзін алуға болады:
Саған көнсем, сүйгенім бе ед? Кеңілім құлағанын қашан көріп ең? Ақаннан безсем, шыным ба еді?. Жүрегімді жерге төсеп, Әрең айтпап па ем “ие” деп? Ақан жаққан от бар да, Сен қатырған мұз бар... Отым қашан сөніп ед, Мұзым қашан еріп ед!...
§35. Қазақ тіліне өзге тілдерден енген сөздердің дұрыс айтылуы жөнінде мына жайттарды ескерген жөн: 1) Қазақ тіліне енген араб, парсы сөздері сол тілдердің дыбысталуын сақтамай, “қазақшаланған”, яғни қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімделіп қалыптасқан тұлғада айтылады. Олардың кейбіреулерінің күні бүгінге дейін бір тұлғада орнықпай, екі-үш түрлі болып айтылып (және жазылып) жүргені байқалады. Мысалы: үрдің қызы - хордың қызы - һүрдің қызы; ыждағат - еждиғат, бихабар - бейхабар; үкімет - өкімет, ақиқат - хақиқат, есеп - қисап, уәде - уағда; шәр - шаһар; әрдайым - әрдәйім, мәлімет - мағлұмат, мақұлық - мақлұқ, мәліғұн - мәлғұн, несіп - нәсіп т.т. Бұндай жарыспалы тұлғалардың бірсыпырасы “бас-басына отау тігіп”, екеуі екі мағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып жүр. Мысалы: үкімет - “правительство”, өкімет - “власть”, мәлімет - “сообщение, справка ”, мағлұмат - “сведение ”, есеп- “счет ”, қисапсыз, қисабы жоқ дегендерде қисап тұлғасы “өте көп, мол” дегенді білдіреді. Ал енді бірқатарының бір ғана тұлғасы орфографиялық және өзге де сөздіктерде әдеби норма ретінде ұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін бей (би) элементімен келген сөздерді бей-мен жазуды (және айтуды) жөн деп табамыз: бейкүнә, беймаза, бейтарап, бейуақ, беймезгіл т.т. Сол сияқты мақлұқ ~мақұлық, мәлғұн ~мәліғұн, мәкрүк ~мәкүрік деген параллельдердің екі буынды тұлғасы (мақлұқ, мәлғұн, мәкрүк) әдеби норма деп ұсынылады. Бірақ айтуда бұларды мақұлұқ, мәліғұн, мәкүрүк деп үш буынды етіп айту керек. Әрдайым, тәкаппар, дүдамал сияқты 2-3 буындары жуан жазылатын араб, парсы сөздерін де айтуда алғашқы жіңіщке буынның әуенімен тәкәппар, әрдәйім, дүдәмал деп айту керек болады. 2) Орыс тілінен енген орыс сөздері мен интернационалдық сөздер, негізінен, орыс тіліндегі дыбысталуынша айтылу дағдыға айналды, яғни сөздің орыс тілінде айтылудағы екпін тұрған орнын сақтап, қазақ тілінде жоқ в, ч, щ, ц, э сияқты дыбыстарын сақтап айтылады. Мысалы: вице-президент (битсе емес), республика (респөблике емес), парламент (пәрламент емес), экономика (економике емес). Тек, ертеректе еніп, “қазақша” қалыптасқан самауыр, қамыт, доға, жәшік, сіреңке (сырянка), білте (фитиль), пәтер (квартира) сияқты сөздер ғана сол қалыптасқан тұлғасында айтылады. Кейінгі дәуірде енген сөздерден газет (газета-ның орнына), цифр (орысша цифра дегеннің орнына), минут (минута-ның орнына) сияқты 5-10 сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қолданылады (солай айтылады әрі жазылады).
§36.Кейбір дыбыстарды дұрыс айту жөнінде мына жайттарға көңіл аудару кажет:
1) Қазақ сөздерінің басында келген е дыбысы йе түрінде айтылады. Мысалы, ер, елек, екі, ет деген сөздердің дұрыс айтылуы: йер,йелек, йекі, йет. Әрине, бұл жерде й (йот) дыбысы толықитүрінде емес, “жартылай” (болар-болмас) естілуге тиіс. Егер бұл сөздерді йот элементінсіз айтсақ, эр, элек, экі, эт түрінде айтылар еді. Бұл заңдылықты анығырақ байқау үшін орыс тіліндегі ель (ағаш) сөзі мен қазақша ел (жұрт) сөзіндегі е дыбысының айтылуына назар аударыңыз: орыс сөзі эль түрінде, қазақ сөзі йел түрінде дыбысталады. 2) Сөз басында келген о, ө дыбыстарының алдынан да у дыбысының элементі естіледі: уотан (жазылуы: отан), уорак (орақ), уөрүк (өрік). Бұл жердегі у да толық емес, “сәл-пәл” айтылуы керек. 3) Сөз басында келген р, лдыбыстарының алдынан ы, і, ұ, ү (сөздің жуан-жіңікелігіне қарап) дыбыстары қосылып айтылады. Жазуда ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы:
4) Қазақтың төл сөздерінде ч, дж дыбыстары айтылмайды. Қазақстанның кейбір өлкелерінде жергілікті ерекшелікке байланысты ауызекі сөйлеу тілінде ш, ж дыбыстары келетін сөздерді ч, дж дыбыстарымен айту дәстүрі бар. Мысалы: чатақ, чырақ, малчы, джақсы, джоқ. Бірақ әдеби тіліміздің орфоэпиялық нормасы бойынша, қазақ сөздерін тек ш, ждыбыстарымен айту керек болады. Ескертетін нәрсе дыбыс жүйесін зерттеушілер ж дыбысының қазақ сөздерінде, әсіресе сөз басында айтылуына сәл-сәл “д” элементі қатысатынын айтады. 5) X әрпімен жазылатын араб, парсы создерінде ауызекі тілде бұл дыбыс қазақша қ дыбысына жуықтаңқырап айтылады. Мысалы: қабар (хабар дегеннен гөрі), қат (хат дегеннен гөрі), Ақымет (Ахмет дегеннен горі), Қадыйша (Хадиша дегеннен гөрі), тарыйқ (тарих дегеннен гөрі), қалық (халық дегеннен гөрі). 6) һ әрпі жазылған сөздерде осы дыбыстың өзінің айтылуын сақтау қажет. Мысалы: гәуһар (гәуқар емес), қаһарман (қахарман емес), жиһан (жиқан немесе жихан емес), аһ-аһ, еһе. 7) Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақ сөздерінде жеке тұрғандағы айтылуынан сәл өзгешелеу болып естіледі. Мысалы, Абай, таба, көбелек сөздеріндегіб дыбысын айтқанда, екі еріп бір-біріне тиіп қатты жуыспайды (осы дыбысты жеке айтқандағы дай немесе орысша дыбыстағандай). Мұны байқау үшін Абай деген сөзді орысша (орыс тілінде сөйлеп тұрғандай) және қазақша айтып көріңдер. Не болмаса баба деген орыс сөзі мен баба (“ата” мағынасындағы) деген қазақ сөзін айтып, екінші буындағыбдыбысының естілуіндегі (айтылуындағы) айырмашылығына назар аударыңдар. Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақша сөйлеу тәжірибесінде қазақ сөздеріндегі б дыбысын орыс тіліндегідей етіп, екі ерінді бір-біріне қатты жабыстырып айтушылық байқалады. Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына қайшы келеді. 8) Қазақ фамилияларында келетін в дыбысын фдеп, ал, -ев, - ов,жұрнағын -ыф, -іф, -ева, -ова жұрнағын -ыва, -іва деп айтқан жөн. Мысалы: Кұнанбайыф, Ілекеріф, Құнанбайыва, Ілекеріва, Шәрійпыф. Өзге ұлт өкілдерінің аты-жөндерін жазылған түріне жуықтау етіп айтқан абзал. Өйткені қазақша Болат болып келетін жалқы есім өзбекше Пулат, Пулад деп берілсе, оны қазақшаламаған жен. Ал орыс адамдарының аты-жендерін орыс тіліндегіше дыбыстау керек. Мысалы: Николай (жазылуынша Николай емес), Канстантин (Константин емес), Лэф Талстой. Шетелдік адамдардың аты-жөндері мен қазақша жер-су аттарынан езге географиялық атаулар негізінен орыс тіліндегі айтылуынша дыбысталғаны жөн. Мысалы: Вильям Шекспир, Моцарт, Лондон. Олардың ішінде тілімізге ертеден еніп, қазақша қалыптасқандарын сол дәстүрлі түрінде айту қажет. Мысалы: Қырым (Крым емес), Мысыр (Миср емес), Бағдат (Багдад емес).