2.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ
СӨЗДІКТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ЖҮЙЕСІ
2
.1. Терминологиялық сөздіктерде терминдерді беру тәсілдері
Терминография саласын зерттеушілер терминологиялық сөздіктердің
және арнаулы лексикаға жататын тілдік бірліктерді қамтитын
сөздіктердің макрокұрылымнан жөңе микроқұрылымнан тұратындығын
ажыратып көрсетеді. Сондықтан сөздіктердің макрокұрылымы мен
микроқұрылымы сөздіктің негізгі құрылымын құрайды екен
1.
Ал жалпы,
сөздіктің құрылымы ретінде сөздікті құрастырушының мақсаты мен
міндетін жүзеге асыруға көмектесетін сөздікке қажетті негізгі және
қосымша элементтерді және олардың сөздікте тиімді орналастырылуын
түсіндіруге болады. Оларға тілдік бірліктерді немесе терминдерді дұрыс
орналастыру реті, оларға анықтама беру тәсілі, сөздік мақаланы толтыруы
(түсіндірмелі терминологиялық сөздік болса), безендіруі сияқты т.б.
көптеген элементтер жатады. Бұл элементтер тілдік бірліктерді немесе
терминдерді сөздіктің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес тиімді
етіп беру үшін үлкен қызмет атқарады. Осы сияқты сөздікті құрастыруға
қажетті
элементтердің
толық
жиынтығы
макроқұрылым
мен
микроқұрылымды құрайды. Демек, сөздіктің негізгі құрылымы
макроқұрылым мен микроқұрылымнан тұрады.
1
Гринев С.В. Введение в терминографию, 2-е изд. перераб. и доп. - М.:
МПУ, 1995. - С.31;
Мрчук Ю.Н. Основы терминографии. - М.: ЦИИ МГУ, 1992. - С. 51.
37
Сөздіктің қүрылымын бұлай жіктеп, оларға қатысты мәселелерді
нақтырақ талдап көрсету сөздік жасау ісін жеңілдетіп, терминологиялық
сөздіктердің сапасын жақсартуға ықпал ететіндігін де айта кету керек.
Терминологиялық сөздіктердің құрылым-құрылысын бұлай талдау қазіргі
қазақ терминографиясындағы практикалық еңбектердің сапасын
жақсартумен қатар, терминография теориясын қалыптастыру үшін де аса
қажет.
Терминологиялық
сөздіктердің
құрылымын
анықтау
терминологиялық сөздіктерді құрастыру ісінің сатыларын да анықтауға
көмектесе алады. Осының өзінен терминологиялық сөздіктердің макро
және микроқұрылымын анықтаудың маңызы түсінікті.
Орыс терминографиясын зертгеуші бірден-бір ғалым С.В. Гринев өз
монографиясында терминологиялық сөздіктс оның барлық құрылымын
тұтас күйінде қарастыратып макромәтіннің және жекелеген сөздік
мақалаларды қамтитын микромәтіннің болатындығын, соған байланысты
терминологиялық
сөздіктердің
құрылымы
макроқұрылым
мен
микроқұрылымға ажыратылатындығын атап көрсетеді
1
.
Солардың бірі - терминологиялық сөздіктердің макроқұрылымы.
Әлемдік терминографияға қатысты еңбектерде терминологиялық
сөздіктің тұтас құрылымы оның макроқұрылымы болып саналады. Бұл
орынды. Бірақ, микроқұрылымға қарағанда макроқұрылымды дұрыс
түсіндіретін оның негізгі қызметі, басты белгісі - сөздікте сөздік
мақалалардың орналасу реті, сөздік мақалалардың орналасу ретінің
сөздіктегі ұйымдастырылуы болып табылады.
1
Гринев С.В. Введение в терминографию. 2-е изд. перераб. и доп. - М.:
МПУ, 1995. ч С.31.
38
Яғни, сөздік мақаланың ішкі құрылымын ішкі құрылым деп есептесек,
ал сол дайын сөздік мақалалардың тұтас сөздікті құрау үшін үйлесімді
орналасуы тікелей оның макроқұрылымына байланысты.
Мұндай қорытынды терминологиялық сөздіктің макроқұрылымы
жөнінде нақты әрі толық, дұрыс түсініп алу үшін қажет. Бірақ,
терминологиялық сөздіктердің макроқұрылымы туралы түсінікті сөздік
мақалалардың,реестрлердің, сөзтізбелердің ретінің сөздік құрылымында
орналастырылуымен, дұрыс ұйымдастырылуымен ғана шектеуге
болмайды. Бұл жөнінде терминограф С.В. Гринев аталған еңбегінде
былай деп көрсетеді: "...бұл түсінікке » сөздіктің кіріспесінен бастап
қосымшасына дейінгі аралықтағы сөздіктің құрылымындағы көлемі,
мазмұны, мақсаты, түрі сияқты бір-бірімен байланысты, бір мақсатты
жүзеге асыруға жұмылдырылған әрбір бөлікті кіргізу керек"
1
. Ғалымның
аталған пікірін орынды пікір деп есептеу керек. Себебі, аталған бөліктің
әрқайсысы сөздіктің құрылымында бслгілі бір қызмет атқарады, оның
мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Сөздік
өзінің құрылымындағы көлемі, мазмұны, мақсаты, түрі (аударма,
түсіндірме, анықтама, т.б.), терминдерінің орналасу реті (алфавиттік
немесе тақырьштық), қамтылған терминдерінің ғылым саласы, сөздік
мақаласы,
сөзтізбесі,
алфавиттік
корсеткіші,
қорытындысы,
пайдаланылған әдебиеттер сияқты т.б. бөліктерінің біртұтас жиынтығы
арқылы ғана сөздік ретінде құрастырылып, қолданыс таба алады.
1
Гринев С.В. Введение в терминографию. 2-е изд. перераб. и доп. - М.:
МПУ, 1995. ч С.31.
39
Ал нақты ғылыми тұрғыдан терминографиялық еңбектерде
терминологиялық
сөздіктердің
макроқұрылы
мына
Достарыңызбен бөлісу: |