Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59


ӘБДІРӘСІЛОВ ЕРБОЛ 
ҚАЗАҚ 
ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ 
ЖҮЙЕСІ 
Астана, 2005 


ББК 81.2-4
Ә 14 
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 
Тіл комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылды 
Жауапты редакторы: 
Шерубай Құрманбайұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Пікір жазғандар: 
Байынқол Қалиұлы
филология ғылымдарыныц докторы, профессор
Мырзаберген Малбақов 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ә 14 Әбдірәсілов Е. 
Қазақ терминографиясының жүйесі. - Астана, 2005. - 208 б. 
ІSВN 9965-23-108-7 
Монографияда қазақ терминографиясының құрылымдық, жүйелік 
мәселелері қарастырылады. Лексикография мен терминологияның 
аралығынан шығып, терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен 
жүйесін, терминологиялық сөздік жасау мәселелерін қарастыратын сала 
ретіндегі 
қазақ 
терминографиясын 
қалыптастырудың 
негізділігі 
дәлелденіп, оның зерттеу нысаны болып табылатын негізгі мәселелер 
талданады. Терминологиялық сөздіктерді шығаруға қойылатын талаптар 
мен тәжірибелік қазақ терминографиясының тарихы сөз болады. 
Жұмыс салалық ғылымдар терминологиясын зерттеушілерге, олардың 
терминологиялық создіктерін құрастырушыларға, тіл мамандарына, 
терминографияның теориясы мен тәжірибесі, тарихы қызықтыратын 
көпшілік қауымға арналған. 
И 4602030000 00(05)-05 
00 (05)-05 
© Әбдірәсілов Е. 
ISBN 9965-23-108-7 
© 1 С - Сервис 


АЛҒЫ СӨЗ 
 
Ғылыми қауым үшін қазіргі шығып жатқан және осы уақытқа дейін 
шығып келген қазақ тілімен байланысты терминологиялық сөздіктердің 
төңірегіндегі өзекті мәселелердің жинақталып, ресми және ресми емес 
сипаттағы сын-пікірлерге ұшырауы, олардың ғылыми қауым мен 
көпшіліктің терминдер туралы ақпараттарға деген қазіргі кезеңдегі 
сұраныстары мен талаптарын қанағаттан дыра алмай отыруы айтылмай, 
жазылмай жүрген мәселе емес. Өзекті болып есептеліп жүрген осындай 
сұрақтардың қатарына терминологиялық сөздіқтердің қолданыс таппай 
жүргеңдігі, терминологиялық сөздіктердің колданыс тап пау себептерінің 
айқындалып, түсіндірілмеуі, терминологиялық сөздік құрылымындағы 
жүйесіздік, терминдердің сөздік құрылымдарында дұрыс берілмеуі
терминдердің дұрыс аударылмай берілмеуі, қолданыста қалыптаса 
қоймаған экспериментті сипаттағы терминдердің аударма нұсқаларының 
берілуі, кірме терминдердің сөздіқтерде берілуіндегі қиындықтар, екі ба- 
ғанында да кірме термин берілген жағдайда термин мағынасы-
дефиниңиясының ашылмай, түсініксіз болып қалуы, кірме терминнің қай 
тілден еніп, сол тілден тікелей аударғанда қандай мағына білдіретіндігі 
көрсетілмей жатуы сияқты т.б. толып өзекті мәселелерді жатқызуға 
болады. 



Бұл мәселелер жиынтығы, ең алдымен, қазақ тіл білімінің тарихында 
терминдерді жүйелеу ісін, сонымен байланысты терминологиялық 
сөздіктерді шығару ісін соңғы кезеңде ғана жаппай қолға алуымызбен 
байланысты түсіндіріліп, бірден қолға алынған мұндай істердегі 
кемшіліктердің болатындығы заңдылық екендігі ескерілгені де жөн. 
Дегенмен, аталған мәселслер төңірегінде қазақ ғылымы ғылыми 
негізделген зерттеу, талдау жұмыстарын қажет ететіндігі де түсіндіріп 
жатуды қажет етпейді. Өзге тіл білімдеріндегі терминологиялық 
сөздіктерді шығару, терминдерді реттеу, бірізге түсіру, үйлестіру 
жұмыстарының теориясы мен тарихына зер салсақ, бұл мәселелер 
терминография саласының ауқымында қарастырылып, терминологиялық 
сөздіктердің құрылымы мен жүйесіне катысты теориялық, тәжірибелік 
мәселелер түрлі дәрежеде өз шешімін тауып жатады. Терминография - 
терминологиялық сөздіктер шығару ісіне қатысты теориялық, әдістемелік, 
тәжірибелік мәселелермен айналысатын, өзге тіл білімдерінде жеке сала 
ретінде қалыптасып келе жатқан ғылыми салалардың бірі. Ал қазақ 
ғылымының тарихында терминологиялық сөздіктер шығару ісі 
лексикографиялық сөздіктерге қойылатын талаптар деңгейінде 
шығарылып, терминдерді сөздіктің түрлерінде беру барысында термин 
табиғатының өзіндік ерекшеліктері ескерілмей, казақ терминографиясы 
теориясының тарихында анықталмай, тиісті дәрежеде зерттелмей 
келгендігі де дау туғыза қоймайтын шындық. 
Ақылдың аңдауына жүгінсек, қазақ терминографиясының тарихы жоқ 
емес, бар. Қазак ғылымында



терминография тек лексикография қағидаттарын негізге алған 
тәжірибелік терминография сипатында ғана дамыды. Терминдердің 
сөздігін шығару арнайы мәселе ретінде теориялық терминография 
тұрғысынан қарастырылмай келді. Оның өсері кейінгі жылдары көптеп 
шығарылған терминологиялық сөздіктер сапасына өз әсерін тигізбей 
қойған жоқ. 
Осы себептерді негізге ала отырып, бүгінгі қазақ терминографиясында 
көрсетіліп өткен маңызды мәселелер мен сұрақтарды аңдап, байқай 
отырып, теориялық терминография тарихында өзге тіл білімдерінде 
қалыптасқан іргелі еңбектер мен зерттеулерге сүйене отырып, қазақ 
терминографиясының құрылымдық, жүйелік, тарихи мәселелеріне талдау 
жасап 
көруді, 
терминографиялық 
еңбектер 
болып 
есептелетін 
терминологиялық сөздіктердің сапасына қатысты мәселелердің өз 
шешімін табуына үлес қосуға болады деген қорытынды жасауға болады. 
Осы мақсаттарды екере отырып, қазақ терминографиясының ғылым 
саласы ретінде қалыптасуына алғышарт болатын терминографияның 
жүйелік ұғымдары на, яғни метқұрылымына, оның қарастыратын зерттеу 
нысандарына, жалпы сөздіктің құрылымдық ерекшеліктеріне, қазақ 
тәжірибелік терминографиясының тарихына тоқталып, талдау жасауға 
ұмтылыс жасалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет