Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


б) Қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы әйелдің әлеуметтік-құқықтық



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85362
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
б) Қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы әйелдің әлеуметтік-құқықтық 
мәртебесі
Гендерлік статистика және Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарының 
көрсеткіштері. Мемлекетіміздің ірге тасының нығаюына, экономиканың 
тұрақтылығы мен демографиялық мәселелердің шешім табуына, ұлттық 
идеологияны дамытуда әйел адамдардың қосар үлесі зор. Отанымыздың 
өркендеуі жолында халқымыздың жоғын жоқтап, ар-намысын қорғайтын 
ертеңгі ұрпақты тәрбиелеу − бүгінгі күннің басты мәселесі. Соңғы жылдары 
әйел адамдардың қоғамдық өмірдегі, саясаттағы, бизнестегі және т.с.с. орны 
мен рөлі артуда.
ХХ ғасырда әлемнің көптеген мемлекеттерінде әйел мен ерлердің теңдігі 
жарияланды. 
Жаңа 
мыңжылдықта 
әйелдер 
құқығы 
халықаралық 
заңнамаларда дискриминациялық сипатын түбегейлі жоғалтып, жаһандық 
дамудың ажырамас компоненті ретінде қарастырылып келеді.
2000 жылдың қыркүйек айында өткен Саммитте дамыған елдердің 
көшбасшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ-ның) Декларациясын 
қабылдады. Онда негізгі сегіз мақсаттың бірегейі болып гендерлік теңдік 
бекітілді. Осы мәселеге «2000 жылдағы әйелдер: ер мен әйел теңдігі, ХХІ 
ғасырдағы даму» атты БҰҰ-ның Бас ассамблеясының ХХІІІ сессиясы 
арналды. Жиынға қатысушыларға өз мемлекеттеріндегі әлеуметтік өмірдің 
барлық салалары мен деңгейлерінде әйел құқығын қамтамасыз етуге 
бағытталған нұсқаулар ұсынылды.
Гендерлік теңдіктің жетістігі адами дамудың тұрақты негізгі 
факторларының бірі болып табылады. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің 
мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік және мәдени рөлдер мен нормалар 
жиынтығы, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынас. 
«Гендер» сөзі жыныс деген мағынаны бергенімен, гендер жыныстардың 
биологиялық 
емес, әлеуметтік 
қатынасын 
сипаттайды. Гендерлік 
зерттеулерге теңсіздіктен туындаған ер мен әйелдің өзара қарым-қатынасы 
жатады. Қазіргі таңда гендер ұғымы әлеуметтану және психологиямен 
байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет