Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Мектеп күніне орай өткізілген педагогикалық практика күнделігі Студент: Жолдыбай Гүлназ Алмасқызы Курс: 2 Институт.: филология Мамандығы: қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті- (КРО) Білім беру заңын меңгеру 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
I. Тәрбие жұмысы бойынша заңдар Қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 54-1 - бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) дене тәрбиесі – салауатты өмір салтын насихаттаудың және жеке құрамның дене бітімін дамытудың маңызды нысаны;
2) экологиялық тәрбие – АҚО қызметкерлерінде өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында практикалық білімді, іскерлікті және құндылық бағдарларын, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау, өрттер мен төтенше жағдайлардың салдарын азайту бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру;
3) экономикалық тәрбие – Заңның 16 бабымен қарастырылған өзінің міндеттерін табысты орындау үшін қажетті экономикалық білімді, дағдыларды, машықтарды қалыптастыру мақсатында АҚО қызметкерлеріне ықпал ету;
4) эстетикалық тәрбие – АҚО қызметкерлеріне олардың рухани әлемінің эмоциялық-сезімдік саласын жан-жақты дамыту мақсатында әсер ету.