Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы



бет9/12
Дата15.11.2023
өлшемі4,02 Mb.
#123670
түріДипломная работа
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Айбек дипломдық жұмыс 2

Алғашқы қойылымдар.
«Аида» операсының премьерасы 1871 жылы 24 Желтоқсанда Каирде, дәл 46 күннен кейін Миланда сәтті өтті. Содан бері бұл қойылым әлемнің көптеген елдерінде қойылды.
Ресейде көптен күткен премьера 1875 жылы дирижер Э.М.Бевиньянидің басқаруымен Санкт-Петербург қаласында өтті. 1877 жылы көрермендер Марин театрындағы қойылымның арқасында бұл спектакльді орыс тілінде тыңдай алды. Аиданың рөлін А.Г.Меньшикова, Радаместің рөлін - О.Ю.Орлов ойнады.
Қазіргі уақытта бұл спектакль осы театрда Д.Ф.Паск-тің режиссерлік жұмысының арқасында қызықты интерпретацияда өтеді. Бұл қойылымда ерекше декорацияларға назар аударады сахнаны ерекше етіп безендіреді. [17]
«Аида» операсы - өзінің алғашқы қойылымынан бастап көрермендерге кеңінен ұнаған нағыз шедевр. Спектакль іс жүзінде әрбір опера труппасының репертуарына кіреді. Мұның құпиясы кейіпкерлердің ұлы және нәзік махаббаты туралы және данышпан Дж.Верди. Бұл шығармаға ғашық болмау мүмкін емес, оның таңғажайып күші бар.
«Аида» операсы 140 жыл бұрын жазылған. Оның премьерасы 1871 жылы 24 Желтоқсанда Каирде үлкен жеңіспен өтті және әлі күнге дейін шығарма отандық және шетелдік театрлардың сахнасынан шықпайды.
«Аида» операсы - бұл психологиялық музыкалық драма, онда атмосфералық жағы жоғары моральдық идеяға бағынады. Дж.Верди өзінің барлық шығармашылығымен адамдардың бақыт құқығын растады. Гуманистік композитор ретінде әділеттілік үшін күрескен. Ол «Аида» операсында тіпті өлім де жеңе алмайтын махаббаттың керемет күшін көрсетті.
Махаббаттың қандай дәрежеде болу керектігін осы операны бір рет қана көріп түсінуге, ұғынуға болады. Бұл әрине композитордың білімділігі сезімталдығының күштілігі. Музыкаға деген махаббаты мен құрметі.[17]

2.2 Дж. Вердидің «Аида» операсының «Gran finale» орындалу барысындағы дирижерлық интерпретациясы.
Жалпылама дирижерлеу структурасына сипаттама:
Бұл көріністе өлшем 4/4 болып басталады. Көріністің ішінде ауыспалы өлшемдер кездеседі, өлшем 4/4 болсада, 2/4 ке дирижерленетін тактілер бар. Жылдамдық ауысуы арқылы дирижердің постановкасы бойынша кейбір жерлерде өзгерістер бар.
Темп allegro maestozo,тональдігі ми бемоль мажор ( Es dur). Тональдікте ауысатын жерлер бар.[20] 115 бет.
Ұзақтықтар: Бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық, триольдар кездеседі. Синкопалар да өте көп кездеседі. Себебі Дж.Верди осындай ерекше ырғақтармен (ритм) опера әлеміне өзінің ерекшелігін жаңашылдығын енгізді.
Дж.Верди заманауи музыка арқылы операны халыққа түсінікті, әрі әдемі, әрі қолжетімді етіп жазды.[21]
Бұл көріністе хор бар, солисттер бар. Аралас хор айтатын жерлер бар және әйелдер мен ерлер хоры жеке айтатын жерлер бар. Олардың барлығын келесі жазатын бөлімде толық көрсетіп, тоқталып түсіндіріп өтемін. Тағы да айта кететін ол - 2 хор бірге айтатын бөлім бар діни қызметкерлер мен халық бірге Құдайларын ұлықтайтын бөлім.
Оркестр, хор, солисстер бәрі бірге дирижерланатын бөлім кездеседі, ол бөлімде дирижер өте мұқият болу талап етіледі. Себебі, ауфтактті нақты түсінікті түрде көрсетпесе, барлығы қателесіп кетуі мүмкін.
Дирижерден өте қатаң жауапкершілік талап етіледі. Опера өте үлкен, ұзақ болғанымен, өте қызық, түсінікті түрде жазылған. Осы көрініс басталғаннан музыкасы бірден Египеттің табиғатын, халқын еске түсіреді, және де халықтың тұрмыс тіршілігі, сал-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениет музыкасы тыңдаған адамның көз алдына елестейді.
Осы бөлімде би бар. Ол биге жазылған музыканың кереметтігін тек қана тыңдап бағасын беру керек, себебі сөзбен мүмкін емес. Көңіл күйге ерекше әсер ететін, сахнада тұрғандар былай тұрсын, көріп отырған адамның өзін сүйсіндіреді.
Интерпретацияны талқылау бөлімінде жеке осыған тоқталып өтетін боламын. Себебі, би бөлімінің өзінің дирижерлау тәртібі бар. Солисттерге, хорға, оркестрге, берілетін ауфтакт бөлек болады, би бөлімін дирижерлаған кездегі ауфтакт пен оркестрмен жұмыс жасау бөлек болады. Әрқайсысының өз орындары бар.[21]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет