Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі т.Қ. ЖҮргенов атындағЫ Қазақ Ұлттық Өнер академиясы


 Мамандық пәндер бағдарламасының қысқаша мазмұны



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#16663
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Мамандық пәндер бағдарламасының қысқаша мазмұны 

«Актер шеберлігі» 

Театр  өнерінің  заманауи  талаптарына  сәйкес  кәсіби  актерді  дайындау. 

«Актер  шеберлігі»  базалық  және  кәсіби  цикл  пәндерімен  сахна  тілі,  сахна 

қозғалысы, би, вокал т.б пәндермен тығыз байланысты. «Актер шеберлігінің» 

негізгі  мақсаты  студентті  сахнада  табиғи  әрекет  жасауға  баулиды, 

К.С.Станиславский  жүйесімен  актер  шеберлігінің  техникасының  негізін 

дамытады.  «Актер  шеберлігі»  бәрі  сұхбаттардан  және  «Егер  де  мен...» 

ұсынылған  жағдайындағы  табиғи  әрекеттерінің  әліппелерін  тәжірибелік 

сабақтарда меңгерумен басталады. К.С.Станиславский және В.И. Немирович-

Данченко «Актер шеберлігі» ғылымы драм.театр актерді дайындау теориялық 

және әдістемелік негізі болып келеді. Қабылдау. Сахналық зейін. Бұлшық етті 

босаңсыту.  Елестету.  Өзара  әрекеттестік.  Суырыпсалмалық.  Психологиялық 

еркіндік. Суырыпсалмалық қасиеті. (Импровизационное самочувствие). Дене 

сымбатына  арналған  әуенді  жаттығу.  Этюдтар.  Жұмыс  жасау  дағдысын 

бақылау.  Физикалық  сезімді  бақылау.  Мінез-құлық  қабылдауын  бақылау. 

Бақылауға  арналған  этюдтар.  Ұсыналған  тосын  жағдай.  Оқиғаға  құрылған 

этюдтар.  Ішкі  монолог.  Қақтығысқа  құрылған  этюдтар  және  партнерге  әсер 

ету.  Әрекет  және  қарсы  әрекет.  Табиғат  қақтығысы.  Этюдтегі  сөз.  Ойдан 

құрылған этюдтар. Картина желісі бойынша құрылған этюд. Әдеби шығарма 

мазмұны  бойынша  алынған  этюдтар.  Музыкалық  тақырыптағы  этюдтар. 

Топтық этюдттар. Автордың өмірбаяны. Драматургиялық шығарманы зерттеу. 

Әрекет  арқылы  талдау  негіздері.  Ұсынылған  тосын  жағдай.  Сөз  әрекеті. 

Автордың стилистикасы.   

«Сахна тілі»  

Сахна  тілі  -  болашақ  өнер  саласы  мамандарының  табиғи  сөйлеу  және 

дауыс  мүмкіндіктерін  жетілдіріп  дамыту;  жанрлық  және  стильдік  жағынан 

өзгеше  әдеби  шығармаларды  талдау  арқылы  бейнелі  ойлау  қабілеттерін 

қалыптастыру;  Меңгерілген  тіл  техникасы    арқылы  қазақ  тілі  заңдылығын 

сақтай  отырып,  оқылатын  мәтінді    тыңдаушы  –  көрермен  қауымға  толық 

жеткізуге  әрекеттену.  Дем  мен  дауыс.  Дикция.  Орфоэпиялық    заңдылықтар. 

Мәтінді  қисынды  талдау. Тыныс тұрақтылығы, дауыс еркіндігі. Тіл тазалығы. 

Өлең оқу ерекшеліктері. Бірнеше оқиғаларға құрылған мәтінді талдау. Тыныс 

күші. Дауыс ауқымдылығы.  Әдеби тіл нормалары. Монологпен жұмыс істеу 

ерекшеліктері. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет