Иосиф Виссарионович Джугашвили (Сталин)
(1878-1953) – Коммунистік партияның Бас хатшысы,
Кеңес үкіметінің басшысы болған Сталин өз елін
Ұлы Отан соғысын жеңіп шығамыз деп сендірген.
Сталин кезінде халық арасында капиталистік және
социалистік деген екі тап пайда болды. Тарихта ол екі
түрлі тұлға ретінде белгілі: соғыс жеңімпазы және өз
елінің жауызы.
Фрэнсис Крик (1916-2004) – ағылшын
микробиологі, дәрігер және нейробиолог. Физиология
және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының
лауреаты. 1962 жылы Джеймс Уотсон, Х. Морис және
Ф. Уилкинсонмен бірігіп, ДНК молекуласын ашқан.
Билл Гейтс 1955 жылы дүниеге келген. Ол –
әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Өз ақшасын үнемді
жарата білген Гейтс - компьютерден басқа бірнеше
қайырымдылық қорларын ашып, түрлі ауруларға қарсы
тұру шараларын ұйымдастырған (полиомиелит), бүкіл
әлемге қолұшын созған адамның бірі.