vi БӨ ЛІМ жазыЛыМ 1. Әріптестеріңіздің арасында сауалнама жүргізіңіз. Сауалнамада қойылатын сұрақтар:
1) Бұл мамандықты кім таңдады: өзіңіз әлде ата-анаңыз немесе тағы басқа адам?
2) Қазіргі жұмысыңыз ұнай ма? Неге ұнайды? 5 себеп.
3) Қазіргі жұмысыңыз өзіңізге ұнамай ма? 5 себебін жазыңыз.
4) Егер бұл мамандық болмаса, қандай мамандық иесі болар едіңіз? Неге? Себебін
түсіндіріңіз.
5) 5 жылдан кейін өзіңізді осы сала бойынша қандай жетістікке жетемін деп ойлайсыз?
Неге?
2. Сауалнама жауаптары бойынша сараптама жасаңыз. Қорытынды баяндама жазыңыз. 3. Өз жұмысына көңілі толмай жүрген әріптестеріңізге қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? 4. Отбасы жағдайыңызға байланысты қазіргі жұмысыңыздан кетіп қалдыңыз. Енді сізге жаңа жұмыс орнын табу керек. Газетке, интернетке жұмыс іздеу туралы хабарлама жазыңыз.