vii БӨ ЛІМ ӨТЕ МАңыЗДы! ЕСТЕ САҚТАғАНыңыЗ ЖӨН! 1. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады.
2. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.
3. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны,
қолы, мерзімі.
4. Арыз қарапайым қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Компьютерді немесе
оргтехниканы қолдануға болады.
5. Арыз құрылымы:
• құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
• құжат аты;
• негізгі мәтін;
• қосымша болса оған сілтеме;
• жазылу мерзімі;
• қолы;
• арыз мазмұнымен келісушілер қолы, адресацияға лауазым иесінің, мекеме,
ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы,
аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады.