Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет193/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

vii
 БӨ
ЛІМ
4. Сіз білесіз бе?
1. Сіз кез келген сала бойынша қандай отандық өндірушілерді білесіз?
2. Сіздің ойыңызша, отандық тауарлар сапалы ма?
3. Тауар сапасы үшін берілетін жүлделер бар деп ойлайсыз ба? Егер болса, аттарын атай 
аласыз ба?
4.  Үйіңізде  азық-түлік  қораптарында,  киім-кешек,  аяқкиімдерде,  тұрмыстық  заттар  мен 
жиһаздарыңыздың ішінде «Қазақстанда жасалған» деген белгі бар ма?
5. Мәтінді оқыңыз.
«Алтын сапа» - үздіктерге берілетін сыйлық
Әлемнің  жетпістей  елінде  тауар  сапасы  бойынша 
берілетін  ұлттық  байқаулар  бар  екен.  Олардың  арасындағы  ең 
абыройлысы – Жапо ниядағы Деминг сыйлығы. Одан кейін АҚШ-
тағы Малькольм Болдридж атындағы ұлттық сапа сыйлығы және 
Еуропалық сапа сыйлығы тұрады. Олардың ортақ ұқсастығы сапа 
үшін берілуі болғанымен, түрлі бағыттар бойынша берілетінімен 
ерекшеленетін  бөлек  сипаттары  да  бар.  Еуро палық  сыйлық 
қоршаған орта мен тұты нушылар қызығушылықтарын қорғауға  
басымдық  берсе,  Деминг  жүлдесі  стандарттау  әдістерінің 
қаншалықты кең қолданылуына мән береді.
Ал  Болдридж  сыйлығын  стратегиялық  жоспарлау ды   
бәрінен  де  анағұрлым  жақсы  жүргізгендер  ала  алады.  Деминг 
сыйлығының  тарихы  онша  ұзаққа  бармайды,  ол    Жапонияда 
сапа дамуына үлкен үлес қосқан Э. Деминг құрметіне 1951 жылы 
тағайындалды. Ал АҚШ-тың Малькольм атындағы ұлттық сапа 
сыйлығының тарихы 1887 жылдан басталады. Еуропалық сапа 
сыйлығы басқаларынан едәуір «жас», 1992 жылдан бастап қана 
беріле бастады. Ал біздің елімізде осы сыйлықтарға ұқсас «Алтын 
сапа» сыйлығы бар. 
«Алтын сапа» – бұл сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін, 2006 
жылы Президент арнайы тағайындаған ұлттық награда, Елбасы сыйлығы. 
Байқауға жүздеген, кейде, тіпті, одан да көп кәсіпорын қатысады. Сол жүз-
екі жүз шақты қатысушылардың арасынан озып шыққан үш кәсіпорынға 
ғана  жоғары  дәрежедегі  «Алтын  сапа»  сыйлығы  беріледі.  «Алтын  сапа» 
сый лы ғын жеңіп алған мекемелер сапа эмблемасын екі жылға дейін жар-
намалық  мақсатта  пайдалана  алады.  Байқауға  жыл  сайын  200-ге  жуық 
кәсіпорын  үміткер  ретінде  тіркеліп  қатысқанымен,  осыған  дейін  тек  30 
шақты  кәсіпорын  ғана  президенттік  «Алтын  бүркітке»  ие  болған.  «АСУ» 
ауыз суы белгісімен «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі 
серіктестік), «Қазақстан теміржолы» «локомотив құрастыру зауыты» және 
«Хан  Шатыр»  ЖШС  (жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік)  «Алтын  сапа» 
сыйлығының лауреаттары атанды. Жыл сайын өткізілетін «Алтын сапа» 
сыйлығы екі санат бойынша үш аталымда беріледі. Олар «үздік өндірістік 
тауарлар  шығаратын  кәсіпорын»,  «үздік  халық  тұты натын  тауарлар 
шығаратын  кәсіпорын»  және  «үздік  қызмет  көрсететін  кәсіпорын»  деп 
аталады.  «Алтын  сапа»  лауреаттары  бұл  құрметті  белгіні  Елбасының  өз 
қолынан алады.


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет