166
viii
БӨ
ЛІМ
2. Пікірлесіңіз.
Берілген ақпаратты оқып, топта талқылаңыз.
Солтүстік жүрісті үйренейік!
Солтүстік
жүрісте
жүргінші
үшін
жылдамдықтың дым да маңызы жоқ, олар
ешқайда да асықпастан табиғатта серуен
құрып жүреді. Арасында тынығып та алады.
Сол уақытта дұрыс тыныс алуға арналған
жаттығуларды жасап алады. Осы арқылы
олар төзімділікке, шапшаңдылыққа үйренеді.
Мұндай жүрісте өзін-өзі бастан-аяқ қалыпты
ұстап, жүрістің заңын бұзбаған жүргінші мен
артық майдан арылғысы келетін жүргінші
ғана жақсы нәтижеге ие бола алады.
Соңғы кездері жүрек ауруы бар
адамдардың көбі көп жүгірмеуге тырысады.
Ал мынау скандинавиялық жүріс оларға
да тиімді. Соңғы кездері тізе буыны
ауыратындар да осы жүріспен айналысуда.
Бұл жүріс оларға оңайға соғады. Өйткені
барлық салмақ «қосымша екі аяқтың» рөлін
атқаратын шаңғы таяқшаларына түседі.
Сонымен қатар, спорттың бұл жеңіл түрі
үлкен жастағы адамдардың да айналысар
жаттығуына айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: