Серттесу батасы (Баталасу) – құдалық, серт пен уәде, елшілік, ел арасындағы маңызды
үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, әруақ орнында да жасалып,
қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды
елдік, тектілік, азаматтық қасиеттердің белгісі деп таниды.
Батаны кімдер береді?
Бата, көбінесе, жастарға беріледі. Батаны көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер,
дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері береді. Қазақ халқында бата
берудің өзіндік орны, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса,
көптің рұқсатымен, жас болса да орны бөлек адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді.
Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала болса, әуелі сол бата беруге тиісті. Дегенмен, халқымызда
батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кездері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |