viii БӨ ЛІМ 3. Оқыңыз! Мидағы жағымсыз естеліктерді өшіруге болады
Швед ғалымдары жағымсыз ойлардан арылудың жолын тапты.
Бұрынырықта адам жадын басқару фантастикалық фильмдердің тұрақты сюжеті болатын.
Енді Упсала университеті ғалымдарының арқасында бұл шындыққа айналды. Зерттеушілердің
айтуынша, бұл жаңалықты тым депрессивті адамдарды емдеу үшін қолдануға болады. Мамандар
осылайша адам миында пайда болған қысқа мерзімді жадыны өшіруге болатындығын айтып
отыр.
“Біздің зерттеуіміздің нәтижелерін фобияға, мазасыздыққа шалдыққан миллиондаған
адамдарды емдеу кезінде пайдалануға болады”, - деді жоба авторларының бірі Томас Агрен.
Адам қабылдаған ақпараттар мидағы арнайы ақуыздардың арқасында ұзақ мерзімді жадыға
сақталады. Дегенмен, адам бірдеңені есіне түсірген кезде, ақпарат қайта сақталып отырады.
Басқаша айтқанда, адам шындығында қандай құбылыс орын алғанын емес, сол құбылыс туралы
өзінің соңғы ойын есінде сақтайды. Ғалымдардың пікірінше, адам миы осылайша ақпараттарды
үздіксіз бейімдеуден өткізіп отырады.