Xi БӨ ЛІМ 5. Пікірлесу. 6. Пікірлесу. Әріптесіңізбен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз. Сіз өз пікіріңізді
үнемі дәлелдеуге
тырысасыз ба?
Сіз әріптестеріңізбен немесе отбасы
мүшелерімен жиналып, бас қосқанда не
туралы айтқанды ұнатасыз?
Қазіргі уақытта жастар үлкен
адамдарға құрмет көрсетпейді
деп айта аласыз ба?
«Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» деген
мақалмен келісесіз бе?
Балаңыз мектепте бара ма? Немесе бала мектепке баруға міндетті ме? Қазіргі заманға сай баланың қай тілде білім алғаны дұрыс? Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаздардан кімдерді білесіз? Қазақ жерінде бұрын мектеп, медресе болған деп ойлайсыз ба? Қазақстанда ұлдар және қыздар мектебі деп мектепті екіге бөлу керек деп ойлайсыз ба? Не себепті? Сіз оқыған мектеп оқулықтары мен қазіргі оқулықтардың айырмашылығы бар деп ойлайсыз ба? Болса, қандай айырмашылықтарды айта аласыз? Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
БІлІМДІ ҰРПАҚ –
ҚОҒАМ БОлАШАҒЫ