№23 Аудиофайл Тыңдаңыз. Дұрыс жауапты белгілеңіз. СӘН ӘлЕМІ «Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне бірден тарағандай болып елестейді. Себебі
бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса шапшаң жылжып, жаңарып отыру дегенді
білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда
болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей
бұйымдар жасап, мойындарына таққан. Бірте-бірте аң терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән
түріне енгізген. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын, ең алдымен теріден, содан кейін біртіндеп
матадан тігілген белдемшелер пайда болған. Ақырындап Вавилонда шәлі тағу, жейде кию жиілей
бастаған. Темір дәуірінде сән әлемі барынша дами түскен.Гректер белдікті ойлап тапқан. Біртіндеп плащ,
халаттар тігілген. Еркектер алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады.
Осылайша, сонау ХІV ғасырда, нақтырақ айтқанда, 1350 жылдары Франция мен Италияның суретшілері
гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемін» әкелген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка
сынды елдерде жылдам дамыған «мода» 1900 жылдары бірте-бірте Кеңес үкіметінің құрамында болған
елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары
жарық көрген.