Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет91/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   438
5. Сұхбатты оқыңыз.
Рахман қайнарлары
– Біз  отбасымызбен демалсақ деп едік. Шығыс Қазақстанда  керемет шипажай бар екен. Сол 
туралы не айтасыз?
– О-о-о, тамаша таңдау! Рахман қайнарлары  деген шипажай бар. Барсаңыз, өкінбейсіз.
– Балалармен баруға бола ма? Қандай жағдай жасалғанын айтыңызшы. Бағасы қанша болады? 
Биыл шетелге шықпай, туған жеріміздің көрмеген әсем жерлерімен танысайық деп шештік. 
–  Табылған  ақыл!  Бұл  жерге  барсаңыз  керемет  табиғат  аясында  демалып  қайтасыздар, 
сонымен  бірге  емделіп,  денсаулықтарыңызды  жақсартуға  болады.  Қазір  сізге  ғаламтордан 
көрсетейін. Күте тұрыңыз.
– Әрине, бармас бұрын барлық мәліметтерді біліп алайын деп едім. 
– Ә, міне, таптым! Демалыс орны төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр: Қазақстан, Қытай, 
Ресей, Моңғолия. Шипажайдың ең құндылығы ондағы емдік қасиеті бар бұлақтардың болуында. 
Ел  ауызындағы  аңызға  сенсек,  бұл  бұлақ  суларының  шипалық  қасиетіне  ертеде  Рахман  атты 
аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын 
өз көзімен көрген екен.
– Иә-иә, мен де солай деп естігенмін. Жақсы болды. Ал онда көрікті жерлерді аралауға бола  
ма? 


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет