Бірінші құпия. Керекті уақытта және керекті жерде болу. Microsoft жетістіктерін
сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс
IBM мен келіссөздер жасаудың маңызды екенін
түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын
өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті.
2
Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. Microsoft компаниясының негізгі, басты
жетістігі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы
салаға байланысты маңызды шешімдерді өзі
қабылдады. Көп жағдайда ол бәсекелестеріне
қарағанда технологияның даму бағытының
болашағын көре білді. Сондықтан да оны дарынды
басшы дейтін болар, бәлкім.
3