3. Мәтінді оқыңыз. Қуыршақтарым - ұлттық тәрбие құралы
«Қазақстанда жасалған». Осы сөз тіркесін тауарлардың сырты- нан оқыған кезде ойыңызға не келеді? Отандық өнімнің нарықта көбейіп жатқанына, сөз жоқ, «бәрекелді!» деп қуанып қаламыз. «Болашақта отандық тауарлар сапасы жағынан шетелдік өнімдердің алдын орап әкетеді», - дейді белгілі әнші, продюсер және ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтары идеясының авторы Қыдырәлі Болманов. – Қыдырәлі аға, «Бал-бала» компаниясын құру қалай басталды және қазір оның жұмысы қалай алға басуда? – Шүкір, ойға алған ісіміз рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. 2010 жылдан бастап қазақ тілінде ән айтып, өлең оқитын «Бал-бала» қуыршақтарын шығарып, балаларға жеткізуді қолға алған болатын- быз. Бүгінгі таңда компанияның Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал мен Жезқазған және Өскемен өңірлерінде бөлімшелері жұмыс істейді. Болашақта басқа облыстарға да шығартамыз.