vii БӨ ЛІМ – «Бал-бала» ойыншықтарының бірі – «Азиада-2011» қысқы Азия ойындарының басты символы – барыстың бірнеше түрін жолықтырдық. Ойыншықтардың біріне бала даусымен еліміздің әнұранын орындатсаңыз, екіншісіне күмбірлетіп «Сарыарқа» күйін тартқыздыңыз. Көрген адамдар «Ой, пәлі, мынау қандай керемет!»,- деп жатты. Қазір қуыршақтың қанша түрі шығарылады? – Қуыршақтардың бас-аяғы 30-ға жуық түрі бар. Олардың қатарында Тазша бала, Алдар Көсе, Ер Төстік сияқты аңыз-ертегілердің кейіпкерлерімен қатар «Айгөлек» әнін шырқайтын Сұркөжек пен әнұранды жатқа білетін Барыс та бар. – Компания атының «Бал-бала» аталуының себебі неде? – Қазақта «балдай тәтті», «балдай» деген тамаша сөздер бар. Бұлар көбінесе кішкентай сәбилерге қатысты айтылады. Қуыршақтар балаларға арналғандықтан, «Бал-бала» деген есімді беруді жөн деп таптық. – Қуыршақтарды жасап шығаруда қандай қиындықтар бар? – Өмірдегі жеңістің барлығы қиындықпен келмей ме?! Қиындыққа шыдау керек. Қуыршақтарды «сөйлетіп», «қозғалту», қазақша әндерді қуыршақтарға «енгізу» - өте үлкен жұмыс. Дайын тауарды Қазақстанға жеткізу, оны республиканың әр аймағына апарып, тарату, түһ, айта берсең көп қой, шіркін, бірінен кейін бірі шыға береді. – Алға қойған мақсат-міндеттеріңізбен бөліссеңіз... – Жуық арада сөйлесуге болатын «Қарақат» қуыршақтары қолға тиюі тиіс. Бала қуыршаққа сұрақ қояды, ал ойыншық сәбиге тиісті жауабын береді. Екі жарым минут ішінде едәуір әңгімелесуге болады. Сонымен қатар «Бал-баланың» қуыршақтарының бәрін мультитоптамаға кірістіреміз. Ондағы мақсатымыз – қызықты мультипликациялық туындылар жасау. Болашақта, шіркін, бала- лар ойыншығын жасайтын зауыт ашсақ деген ойымыз да бар. Қазірдің өзінде бұл жоба аясында жи- ырмадан астам адам жұмыс жасап жатыр. Зауыт ашылған жағдайда, 200-300-дей адам жұмыспен қамтылатын болады. – Бәрекелді! Істеріңізге сәттілік тілейміз, ендеше! «Ел» ұлттық қоғамдық-саяси экономикалық апталығынан өңделініп алынды.