ОҚыЛыМ 1. Мәтінді оқыңыз. Жемістерге жапсырылған кішігірім жапсырмаларды байқаған боларсыз? Онда ұсынушылардың
логотипімен қатар, бірнеше саннан тұратын PLU-код (Price-Look Up) көрсетілген. Неге жапсыр-
ма қажет? Белгілі болғандай, өндірушілердің жемісті таңбалағандағы мақсаты өздерін танысты-
ру ғана емес, тұтынушыларға маңызды ақпарат беру. Жапсырмадағы сандар нені білдіреді? Онда
қандай ақпарат жасырылған?
3 немесе 4 сандарынан басталатын 4 таңбалы код Кейбір жапсырмада тек 4 сан көрсетіледі. Ол жеміс не көкөністі
өсіргенде агротехнологиялар барынша қолданылған дегенді
білдіреді. Мұндай жемістерден аулақ жүріңіз. Неліктен? Себебі
олардың қатарында тыңайтқыштар мен пестицидтер де бар.
1 1 1