Xi БӨ ЛІМ 11. Пікірлесу. ГраММатика Ережемен танысыңыз. 1. Мәтінді оқыңыз. Төменде берілген шылаулармен толықтырыңыз. Жапониядағы оқу жылы сәуір айында басталады,
1
_________
жиырмасыншы маусымда балалар жазғы демалысқа шығады.
Жапонияда көп мұғалімдер ер адамдар,
2
_________
әйел мұғалімдер
өте аз. Жапония мектептерінде асхана болмайды,
3
_________
балалар тамақты сыныпта отырып ішеді. Чехияда демалыс
жаз бен қыс айларында болады,
4
_________
жазғы демалыс 2 айға
созылады. Чехияда «2», «3», «4», «5» деген бағалар қояды.
Алайда олар үшін «5» - ең нашар, ал «2» - ең жақсы баға болып
есептеледі. Чехияда бір мұғалім бірнеше пәнді жүргізеді,
5
_________
мұғалім жан-жақты дамыған болуы тиіс екен. Мысалы,
әдебиет пәнінің ұстазы дене шынықтыру сабағын да өткізеді.
Ал келесі бірі чех тілі мен ән айтуды, химияны жүргізуі мүмкін.
Фин мектептерінде бір сабақты екі ұстаз өткізеді,
6
_________
негізгі
ұстаз қосымша көмекті қажет ететін оқушылармен жұмыс
істегенде, оның көмекшісі өзге оқушылармен жұмыс жасауы
қажет. Финляндия мектептерінде әр сабақтан соң оқушылар
сыртқа шығуы керек,
7
_________
таза ауа сергітіп, ойлау қабілетін
жақсартады. Және жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан
міндетті түрде шығады. Куба мектептерінде жоғары сынып
оқитын оқушылар белгілі бір мамандықты игере бастайды,
8
_________
қалалық жерде оқитын оқушылар 5-7 аптаға ауылға
барып жұмыс істейді. Қытайда балалар желтоқсан айының
соңынан ақпан айының басына дейін демалыста болады,
9
_________
бұл уақыт кезінде олар Жаңа Жыл мерекесін атап өтеді.
Менің ойымша,
Қазақстандағы ең
үздік оқу орны
..............................
Себебі
..............................