V БӨЛІМ
БІрІншІ
саБаҚ
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөз оқшау сөздің түріне жатады. Қыстырма сөз сөйлеушінің ойға қатысты
көзқарасын білдіретін сөз.
Менің ойымша
, сен дұрыс айттың.
Қысқасы
, ертең сабаққа келмейміз.
Ертең,
сірә,
жаңбыр жауатын болар.
Мағыналық түрлері:
Қуанышты, ренішті білдіреді: бағымызға қарай, амал қанша, өкінішке орай.
Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді: сөз жоқ, бәсе, рас, әрине.
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді: меніңше, сіздіңше, оның пікірінше.
Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді: сірә, мүмкін, тегі, кім біледі,
бәлкім, байқаймын.
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады: олай
болса, демек, сөйтіп, сонымен.
Ой тәртібін білдіреді: біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында.
Достарыңызбен бөлісу: |